Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қызық құс. Күшейтпелі  шырай
6 - сынып
Өтілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Қызық құс. Күшейтпелі шырай.
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларға қызық құс - кекілік туралы білім беру.
• Күшейтпелі шырай туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:
• Қызық құс тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру.
• Қазақша тілдік қатынасты еркін игерту, ауызекі тілдесімде жүйелі сөйлеуге үйрету.
• Өзге ұлт өкілі балаларының қазақ тілінде дұрыс айту, жазу қабілеттерінің жетілуіне, ой - өрісінің дамуына көмек көрсету.
• Ұжымда жұмыс істеуге баулу.
• Құстарға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, құштарлықтарын ояту.
• Сын есімнің күшейтпелі шырайын тиянақтау.
Сабақтың көрнекілігі: топтастыру стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар жазылған кестелер, күшейтпелі шырайдың жасалу жолдары туралы кесте.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелесу, миға шабуыл, ой шақыру
Күтілетін нәтиже:
• Қызық құс (кекілік) туралы әңгімелеу.
• Үйренген жаңа сөздерін күнделікті тұрмыста пайдалана білу.
• Құстарды, табиғатты аялау.
• Ойларын ашық айту.
• Сын есімнің күшейтпелі шырайын меңгеру.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, алдарыңда жатқан түрлі - түсті белгілердің ішінен қазіргі көңіл - күйлеріңе қайсысы жақын, сол суретті таңдай қойыңдар.
Көңіл - күйім өте жақсы Көңіл - күйім жақсы Көңіл - күйім жоқ

Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Жаңа сабақ.
♦ Жаңа тақырыпқа даярлау Айтылым.
• Ой шақыру.
1. Балалар, сендер қандай құстарды білесіңдер?
2. Біздің тұрып жатқан жерімізде қандай құстар бар?
3. Сендер кекілік (куропатка) құсын білесіңдер ме? Ендеше мына суреттер топтамасына көңіл аударайық. (Кекіліктің суреттері слайд)

Жаңа тақырып.
- Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямыз.
Қызық құс. Күшейтпелі шырай..
«Миға шабуыл» әдісі.
- Суретке қарап отырып, кекілік туралы не айта аласыңдар?
Тілдесім
Сөздікпен жұмыс.
♦ Осы сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату.
Кекілік - куропатка
Өсімтал - быстро размножающиеся
Жұмбақ сырын – загаочный секрет
Осы күнге дейін - до сегодняшнего дня
Алғашқы күндері - первые дни
зерттеуші - исследователь
балапан – птенец
жеке - жеке - отдельно
шеше алмай келеді - не могут отгадать
бірігеді - объединяются

Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Тыңдалым. Жазылым.
1 - тапсырма. Мәтінді оқып, аудару. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазу.
Өсімтал, жұмбақ, алғашқы.

2 - тапсырма. Сөйлемдегі сын есімдерден салыстырмалы шырай формасын жасау.
1) Біздің ауылдың жері өте үлкен. Үлкендеу.
2) Қорғалжын ауданында үлкен, кіші жүз отыз бір көл бар. Үлкендеу, кішілеу.
3) Ол көлдер - жер жүзіндегі құстардың ең жақсы, ең жайлы жайлауы. Жақсылау, жайлылау.

3 - тапсырма. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді үлгі бойынша сөз құрамына талдау.
Құстардың – тар - к. ж., - дың – ілік септік.
Шаруашылыққа - шы, - лық – жұрнақ, - қа - барыс септік.
Құрт - құмырсқаларды - лар – к. ж., - ды табыс септік.
Бекіту сұрақтары:
1. Мәтін не туралы?
2. Кекілік қай жерлерде көп болады?
3. Ана кекілік көктемде неше ұяға жұмыртқа салады?

Үйге тапсырма: 123 - бет, 4 - тапсырма - жазбаша, 1 - тапсырма – ауызша.
Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама