Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қоғамдағы мұғалім мәртебесі

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» б/б тәрбиешісі:
Умишева Қарлығаш Сайтмуратовна

ЭССЕ

    Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,

    Өйткені, мұғалім - мектептің жүрегі.

    Ыбырай. Алтынсарин

Дүниедегі мамандық атаулының төресі - ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. "Мұғалім мамандығы барлық мамандықтың анасы” демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір адамның өміріне жол сілтер шамшырақ ісбеттес. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, аспанда қалықтаған ғарышкер де тіпті бәрі-бәрі ұстаздан тәлім - тәрбие алған. Адамзат атаулыны өзге тіршілік иегерінен даралап, ерекшелеп көрсететінерекше қасиеттің бірі- оның түйсігі мен сезімінің және ойлау қабілетінің жақсы жетілгені жайында көп айтылып та, жазылып та жүр. Жақсы болса да, жаман болса да кез келген әрекетті жүрекке жеңдіруге тырысамыз, соның төрелігіне жүгінеміз, пәрменіне бас ұрамыз. Жасаған ісіңе көңілің толса, адамның кеудесінде өз «Мені» атойлап шыға келеді, ал керісінше болған жағдайда көңіліңнің басылып, екпініңнің саябыр тартып қалатыны да рас.

«Жақсы іс жан жадыратады» демей ме дана халқымыз. Осы сөзге сүйенсек, менің де айналама қарап, ризашылық сезімге бөленген сәттерім аз болмапты. Соған қарағанда біршама игілікті істердің басын қайырған тәріздімін. Ең бастысы-атамның емес, Отанның баласы болуға тырысып бақтым. Бұл жағынан келгенде оза шауып, көптен қалмай, қалың шаңның ортасында өз жолыммен тура тартып келе жатқаным анық. Ең бастысы «Мен және менің мамандығым» ұғым бойымда үйлесім тауып, бір арнада тоғысып жатырғой деп топшылаймын. Жас та болсам көп дүниеге басқаша көзқарспен қарап, өзімнің орнымды айшықтап отырғанды қалаймын. Мәселенің ұшы  «Не екеніңе емес, не орғаныңа» барып тірелетін болар. Олай болса, ауыз толтырып айтатындай жақсы дүниелер баршылық. Ең бастысы, өзіңді тежеп ұстап, бергенімнен берерім көп деген оймен жұмыс істеген дұрыс шығар. Әдебиетіміздің алыптарының бірі Ғабиден Мустафин «Бақ кейде тауып, кейде ауып қонады. Ауып қонса есіртеді, тауып қонса есейтеді,» - деген сөзді жиі қайталатын көрінеді. Менің пайымдауымша, тауып айтылған сөз, орынды пікір. Жалған сезімнің жетегіне кетпей, өз кетігіңді дөп басып, тауып қаланып жатсаң қандай ғанибет.

Мен – ұстазбын, мәртебелі мамандықтың иесімін. Ұстаз жас өскінге тек ізгілік нұрын себеді, өзегіне нәр береді, өміріне сән береді. Соны ойласам, кейде риясыз кейіпке еніп, бір жасап қалатын кезім де кезігеді. Барыңды балаға беріп, көңілің марқайып, жұмысыңнан шарашап келе жатасың. Біле білсек, шаршаудың өзі де адамды рақатқа бөлйді екен-ау.

Ұлтымыздың арысы Мағжан ағамыз: «Алты алаштың баласы бас қосса, ең төрдегі орын мұғалімдікі» - деген екен. Асыл ұстаздың адал еңбегін анық бағалаған абзал ағадан асырып не айтуға болады. Рас, кейінгі кездері мұғалімнің қоғамдағы орны мен мәртебесі туралы жиі сөз қозғалатын болды. Ұстазын ұлық тұтқан киелі халқымнан айналайын, әсіресе бетіңе қарап, бейтарап сөйлеп жатқан пенде көрмедім. Алайда ұстазына қол көтеріп, ардан аттап, астамшылық көрсетіп жатқандар жайлы жайсыз хабарды да кей кездері құлағымыз шалып қалады. Көпке топыпақ шаша алмаспыз дей тұрғанмен де кінәнің өзімізде де бар екенін мойындау қажет.

Ұстаз болу жүректің  жүректің батылдығы деп жатамыз ғой. Шынында да мейірімнен жұрдай, шыдамсыз, таяз ойлайтын жанға ұстаз болу ауыр да тиер. Өмір бойы ізденбесең, жаналыққа ұмтылып, жарыққа беттемесең сыйыңды жоғалтасың. Бала деген жас ағаш сияқты баптамасаң, күтпесең, оңайлықпен жемісін бермейді. Бала жанының бағбаны атану үшін жан тәніңмен сол мамандыққа берілу жөн болар. Сонда ғана асқақ арманың орындалады, діттегеніңе жетесің. Бала жүрегіне жол сілтейтін төте жолдың соны соқпағын да тек сол еңбектен, төккен терден іздегенің дұрыс.

Атақты Бауыржан Момышұлы жауынгерлері үнемі қастерлеп, пір тұтып өткен сыңайлы. Оның себебін сұрағанда олар: «Баукен командирмін деп кеуде керген кісі емес, жарты түйір нанның өзін бізбен бірге бөліп жеп, сыз окопта бірге жатты. Елге тәкәппар көрінгенмен, жаны таза, мейірімді адал, адам болды. Сондықтан да сыйлаймыз», - деп жауап берген көрінеді. Мұғалім мамандығын яғни менің мамандығымды таңдаған жанға айтарым, «Баланы суй жүрек жылыуын аяма, шуағыңа шомылдыр. Сонда сол нұрға кейін өзің де бөленесің. Еткен еңбегің, төккен терің сөзсіз ақталады». Абай атамыздың адамзатты алалама, олардың бәрін бауырым деп сүй деген пікірде айтылған сөзімізді толықтыра кетеді.

Қорыта келгендегі айтарым да айқын. Ұстаз болуды қалаған екенсің алдыңда тынымсыз күндер мен ұйқысыз түндер күтіп тұр. Бәріне төзіп, баріне көнуің керек. Өмірде өз «Меніңді» жоғалтпа. Сонда ғана мен және менің мамандығым деп кеуде кере айтатын боласың.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама