Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 14 сағат бұрын)
Қожа бір жолға әкесінің тілін алады

Бала кезінде Қожаға әкесі не айтса, ол керісінше, өзінше істейтін болса керек. Ақыры, әкесі Қожаны бір шаруаға жұмсай қалса-ақ, керісінше істе деп тапсырады. Бір күні екеуі диірменнен қайтып келе жатып, бір өзенге тап болады. Өзендегі көпірден есек өте алмайтын болған соң, екесі:

— Қарағым, ғалым балам, мен көпірден жаяу өтейін, бірақ сен есекті айдап өткелден өтпе, — дейді. Қожанасыр, керісінше, есекті өткелге қарай айдайды, Өзеннің ортасына келгенде, қап есектің бір жағына қарай ауып бара жатқанын көріп, әке баласына:

— Қап маған қарай ауған жоқ, сүйеме, құламайды, — деп айғай салады.

Сонда баласы:

— Әке, бұған дейін балалық жасап, айтқаныңды айтқаныңша істемей келдім. Енді ержеттім, ақыл кірді, бұдан былай тіліңді алам, әміріңді екі етпей орындаймын, — деп аузын жиып алғанша болмай, қап аударылып суға түседі.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама