- 03 ақп. 2020 00:00
- 240
Қожанасыр — жалшы
Қожанасырдың кедейлігі асып, күнделікті жалданып, жұмыс істеп күнелтіпті. Күндердің күнінде бір сараң бай Қожаны жалдамақ боп, һақысына күніне жарты теңге ақша, он бес қасық көже беремін, — депті. Қожанасыр оған келісіпті. Күнімен жұмыс істеп кешке таман жарты теңге ақшасын алып, он бес қасық көжесін аузын толтырып төрт-ақ рет ұрттап:
— Қалғанын тағы да құйып әкеліңіз, — деген екен.