Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тымпи (І түрі)

Қожанасыр мен әйелі қорадағы есегіне кезектесіп қарауыл болады екен. Бір күні әйелі екеуі серттесіп:

— Кім бұрын сөйлесе, сол кезексіз қарауыл болады, — депті.

Қожанасыр да сөйлемейді, әйелі де сөйлемейді. Мұнысынан хабар тапқан бір қу ұры екеуінің көзінше есекті жетелеп ала жөнеліпті. Мұны көріп тұрып, шыдамы таусылған әйелі:

— Әкетті, — деп сөйлеп жібереді.

Қожанасыр:

— Ал, ендеше, есекке сен қарауыл боласың, — деген екен.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама