Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қожанасыр мен сыпайы

Үлкен бір жиында Қожанасыр кербез сыпайымен табақтас болыпты. Сыпайы табақтағы туралған еттен бір-біріндеп алып жесе, Қожанасыр жұп-жұп етіп екеуден алып жей беріпті. Сабыры шыдамаған кербез сыпайы Қожанасырға бадырая қарап:

— Қожеке, тақ болсын, тақ болсын, — депті.

Сонда Қожанасыр:

— Қайтейін, уысыма сыйып, ұртыма жайғасса, үшеуден алмақшы едім, сыйлаған соң екеуден алып жеп отырмын, — депті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама