- 03 ақп. 2020 00:00
- 205
Қожанасырдың ұн қарыз алуы
Бір күні Қожанасыр көршісінен ұн қарыз алып, үйіне келе жатса, ұйқы-тұйқы жел соғып, шарадағы ұнын бұрқыратып шашады да кетеді. Қожанасыр көзін бір ашып, бір жұмып үйіне кірсе, шарада бір шөкім де ұн қалмапты. Ызаланған Қожанасыр жұдырықтай тасты табағына толтырып алып, далаға шығып:
— Күшің жетсе, мына тасты ұшыр, «әлім жетті» деп ұнды шашқанша, — деген екен.