Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қожанасыр неге бір ғана шәркей сатып алады

Бір күні Қожанасыр аяғындағы шәркейлеріне қараса, он аяғындағы шәркейі мүлде жыртылып қалыпты. Етікшіге барып:

— Сенде дайын шәркей бар ма? — деп сұрайды.

— Бар, — дейді етікші.

— Оң аяққа келетін шәркейді сатшы.

— Бір шәркейді сатқанды қайдан көрдің?

— Екеуінің маған керегі не, бір шәркейім бүтін ғой, — дейді

Қожа.

— Ал екіншісін не істеймін сонда? Лақтырып тастайын ба?

— Неге лақтырасың? Екі ай өтпей-ақ екіншісін алып кетеді.

Етікші күліп, қуақы Қожанасырға бір шәркейді сатады, ал екінші шәркейді біреудің алар-алмасына онша сенбейді. Екі ай өткен соң, Қожанасыр келіп есік қағады.

— А, бұл сен бе едің? — деп етікші қуанып кетеді. — Екінші шәркейді жайын білгелі келдің бе? Ол шәркейді сата алмадым, аларман жоқ.

— Аларман сенің алдыңда тұр. Менің сол аяғымның шәркейі жыртылды, сенен жаңасын алғалы келдім, — дейді Қожанасыр.

— Ау сен неге екеуін бірдей алмадың?

Қожанасыр:

— Екеуін бірдей алсаң, екеуі де бірдей ескіреді. Ал мен сияқты алса, онда біреуі әрқашан жаңа болып тұрады. Және екі шәркейге бірдей ақшаны аяқ астынан қайдан табамын, — деген екен.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама