Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қожаның әйеліне күйеуі де қос көрінеді

Қожаның әйелі қыли болса керек. Үйдегі нәрсенің бәрі оған қос көрінеді екен. Бірде дастарқан басында отырып:

— Әпенді-ау, екеумізге бір шыны май жетпей ме, екіншісін неге әкеп қойғансың? — дейді. Қожа мұртынан күліп, не нәрсенің болсын әйеліне қос көрінетініне іштей қуанады.

Бірде тағы да дастарқан басында Қожаның әйелі өз-өзінен шошынып, бетін бүркеп:

— Әпенде-ау, қасыңдағы кім? Өзі аумаған сен сияқты ғой, — дейді.

Сонда Қожа:

— Бәйбіше, көзіңе үйдегінің бәрі-ақ қос көріне берсін, бірақ қос күйеу көрінуі жақсы ырым емес, — депті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама