Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қорқақ өз көлеңкесінен де қорқады

Кешкі мезгіл, мал жайланып, жұрт орынға отырған кез. Қоңыркеңнің бір баласы суаттан атын суарды да, ондағы сүйменді қолына алып, үйге қайтты. Ай жарық еді. Кенет, артына қарады, біреу сойыл көтеріп өкшелеп келе жатыр. Зәресі ұшып кетті, атынан секіріп түсіп, сүріне-қабына үйге кірді. Үйдегілер үрейленіп, бәрі де қолдарына қару алып, тысқа шықты. Ештеме көрінбейді. Әлден уақытта жұртты дүрліктіріп жүрген жігіт қақпадан шыға беріп: «Ойбай, міне, келді!» деп кейін жалт берді. Сөйтсе, оның өзі қорқып, үйдегілерді үрейлендіріп жүргені өзінің көлеңкесі екен.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама