Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қош бол Жаз!
Тақырыбы: Қош бол Жаз!
Мақсаты: Жаз мезгілінің ерекшелігін басқа жыл мезгілдерімен салыстыру, жеміс - жидек, көкөністер туралы түсінік беру, балалардың жазғы демалысын көңілді өткізуге, ойын - сауыққа қызығушылықпен қатысуға дағдыландыру.
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі Қош бол жаз атты ойын сауығымызға қош келдіңіздер!
Көңілді жаз тамаша
Күледі күн қараса
Жағасында ойнаймыз
Жалаң аяқ балаша - дегендей балалар жаз мезгілі де аяқталып қалды.
Жаз: балалар мен сендермен қоштаспас бұрын жаз мезгілінің ерекшеліктері туралы білгім келеді.
Жаз: балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Жаз мезгілі
Жаз мезгілі неше айдан тұрады?
Балалар: Үш айдан тұрады
қандай айлар атап айтайық?
Балалар: Маусым, Шілде, Тамыз.
Тосын сәт: «Қой мен Текенің келуі» екеуі бір - бірін мүйіздерімен соғып айтысып келеді. Екеуін арашалап қой келеді.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы мынау «Қой мен Теке» ертегі кейіпкерлеріғо текеғо. Бұларға не болған екен.
Ақылды қой: Соны айтам екеуің не бөлісе алмай қалдыңдар?
Қой: Мен текеге жаз мезгілі аяқталып қалды дедім жердегі жайқалып өскен шөптерді теріп атамен әжеге көмектесейік десем ал ол болса…
Теке: Мен қойға жаз мезгілі аяқталмайды дедім, неге шөптерді біз жинаймыз атай мен әжей өзі жинасын дедім
Ақылды қой: Қой, Теке босқа дауласпаңдар. Теке сенікі дұрыс болмады. Күннің ыстығында атамен әже шаршайды ғой көмектесе салсаң сенің нең кетеді. Қой дұрыс айтып тұр жаз мезгілі аяқталды жердегі шөптерде гүлдерде, көкөністермен жемістерде енді өспейді. Ой балалар күн ыстық болып кетті ғой…Қой бұның бәрін күннен сұрайық, жаз мезгілінің аяқталуын күн білетін шығар.
Жүргізуші: Қане балалар ендеше күнді қонаққа шақырайық, күннің өз аузынан естейік.
Балалар: Күн, күн бізге қонаққа кел, күн, күн бізге қонаққа кел,
Күн: Сәлеметсіздер ме, балалар мені шақырдыңдар ма, мында не болып жатыр, нені бөлісе алмай жатырсыңдар?
(Қой мен теке бір бірімен тағыда мүйіздерімен сүзіп тұрады)
Ақылды қой: Қой, мен текенің дауласуының себебі бірі жаз мезгіл аяталды десе ал енді бірі аяқталмайды дейді, сол себепті сені шақырдық, сен айтшы жаз мезгілі аяқталып қалдығо солай емес пе күн.
Күн: Ақылды қой сен дұрыс айттың әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшелігі бар. Жаз мезгілінде мен сендерге жақын болдым, бар ыстық нұрымды төктім, енді күз мезгілі жақындады мен сендерден алшақтаймын. Мен сендерді келесі жаз мезгілі келгенше сағынатын болдым
Жүргізуші: Қош келдіңдер ертегі кейіпкерлері және Күн. Балалардың өнерін тамашалаңдар. Ортаға жез мезгіліне арнап жаттаған балаларымыздың тақпақтары бар екен.
Балалардың тақпақтары:
Ән: «Алақай жаз келді»
Жүргізуші: Балалар жаз мезгілінің қандай ерекшеліктері болады, білесіңдер ме?
Балалар: Күн ысиды, гүлдер өседі, көбелектер ұшады, суға шомылады.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ал осы гүлдердің түстері қандай болады.
Балалар: Әр түрлі, әдемі түсте болады көк, сары, қызыл, жасыл.
Тосын сәт:
Гүл: Сәлеметсіңдер ме балалар көңіл күйлерің қалай, сендер жаз мезгілімен қоштасқалы жатыр екенсіңдер, менде құр алақан келмей өзіммен бірге көбелектер биін ала келдім.
Кішкентай көбелектермен би билейді.
Би: «Көбелектер»
Ойын: «Көпіршіктер ауада» (Қой, Теке, Ақылды қоймен ойнайды)
Ойын шарты: Ортаға үш баланы шақырады да бір баланы қойдың тобына екінші баланы текенің тобына үшінші баланы ақылды қойдың тобына бөліп қояды. Үш топқа бөлінген балаға қолдарына сабынды көпіршікті береді де сабынды көпіршікті үш рет үрлеуін сұрайды қай баланың көпіршіктері ауада жарылмай ұзақ тұрса сол баланың тобы жеңімпаз болады. Ойын осылай 3 - 4 рет қайталанады.
Жүргізуші:
Жазды күні шілдеде,
Жеміс пісіп толады.
Қызыл, жасыл гүлдерге
Көбелектер қонады - дей келе балаларымыздың орындауында көбелектер әні.
Ән: «Көбелектер»
Тосын сәт: Кемпірқосақтың келуі.
Кемпірқосақ: Сәлеметсіңдер ме балалар.
Жүргізуші: бұл кім болды екен сендер таныдыңдар ма?
Балалар: Жоқ, танымадық.
Кемпірқосақ: Мен кемпірқосақпын мен өзімнің түрлі түсті түстерімді жоғалтып алдым енді не істеймін деп жылап отырып қалады.
Жүргізуші: Кемпірқосақ қане тұра ғой біздің балалар саған түрлі түсті түстеріңді табуға көмектеседі. Көңіліңді көтер, біздің балалардың өнерін тамашала
Көңілді жаз, тамаша
Ән саламыз жараса
Тақпақ айтып би - билеп
Ойнаймыз-ау таласа - дей келе ортаңғы топ балаларының орындауында,
Би: «Кемпірқосақ»
Ойын: «Жәндіктердің жүзуі»
Ойын шарты: Су құйылған бассинге балалар жәндіктерді бұрап салады да, кімнің жәндігі бассиннің арғы бетіне бірінші жетсе, сол бала жеңімпаз атанады, ойын 3 - 4 рет қайталанады.
Жүргізуші: Балалар манадан бері сендердің өнерлеріңді көрдік, енді мен сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұр, жұмбақ жасырамын шешімін табасыңдар ма?
Балалар: Иә, әрине шешімін табамыз.
Жұмбақ жасыру:
Бау - бақшада барша жұрт
Саңқылдаған саз әні
Көлде құстың базары
Жидек пісіп толады.
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Жаз мезгілі.
Жүргізуші: Балалар ендеше барлығымыз орнымыздан тұрып жаз әнін хормен орындап берейік.
Ән: «Жаз»
Жүргізуші: Міне осылай жаз мезгілімен көңілді өткіздік. Біздің мерекеге келген қонақтарға да көп рахмет. Келесі кездескенше Қош бол Жаз! Сау болыңыздар!

Тәрбиешілер: Адылханова Г. М.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама