Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қош келдің, Жаңа жыл!
«Қош келдің, Жаңа жыл»
Тәрбиеші:- Құрметті ата - аналар, қонақтар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобындағы «Қош келдің Жаңа жыл»атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Алдағы мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз.
- Сәлем бердік баршаға Құттықтаймыз жар сала
Бүгін бізде Жаңа жыл
Қош келіпсіз шыршаға
- Жаңа жылда көңілді
Шырқалады әніміз
Ата - аналар сіздерді
Құттықтаймыз бәріміз

Ән: «Жаңа жыл»
1-бала: Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
Өлең де әзір, ән де әзір
Ойын да әзір, би де әзір
Кел «Жаңа жыл»біздерге
Құтты болсын Жаңа жыл
2 - бала: Төрлетіңдер, төрлетіңдер
Шырша сәнін көріңдер
Әсем әнмен би билеп
Күй жырларын төгіңдер

Тәрбиеші:
Ақ таяғы қолында
Ойын күлкі жанында Күтеді оны шартарап
Сый дорбасын арқалап
Жаңа жыл сайын келетін
Ол кім?
Балалар:- Аяз ата, Ақшақар Тәрбиеші:
Олай болса қызықты болу үшін ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық
Аяз ата: Ау, амансыңба ұлдарым!
Амансың ба қыздарым!
Қандай жарқын жүздерін
Қандай әсем жырларын
Асулармен алысқан
Асау жолмен жарысқан
Аталарын сендерге Шаршап келді алыстан
Ән: «Аяз ата»
3 - бала:
Тілеймін мен бар әлемде
Дос көп болсын жанашыр
Ата - ана, ата - ана
Құтты болсын жаңа жыл!
4 - бала:
Тілеймін мен бар адамға
Жаңа бақыт, жаңа жыр
Ата - әже, ата - әже Құтты болсын жаңа жыл! 5 - бала:
Борандатып арқалатып
Аяз ата келеді
Ақ көңілмен пәк көңілмен
Бізге сәлем береді
6 - бала: Аяз ата, Аяз ата
Сені күтіп жүрдік біз Томпаң қағып, арқаланып
Келеріңе сендік біз
Би: «Ақшақар»
7 - бала:
Ән шырқалды көңілді
Күй шертілді өмірлі Тақпақ айтты достарым Өнерімен көрінді
8 - бала: Әндерін де ұғайық Кәмпиттері тәп - тәтті
Алдынан біз шығайық
Аяз ата кеп қапты
9 - бала:
Аппақ тонға оранып Базарлықты мол алып
Келеді алыс сапардан Аяз ата оралып
10 - бала: Шырша қандай керемет Ойыншықтар ілінген
Жымың қағып шамдары Бүкіл қызық тірілген

Көрініс: «Түлкі мен қоян»
11 - бала:
Қараймыз мына шыршаға
Неткен әсем көрікті
Жаңа жылдық шыршаға Барлығы да келіпті
12 - бала:
Жарқырайды жан - жағым
Жаңа жылдық киіммен
Аяз ата сыйлығын Жеңіп алдым биіммен
13 - бала: Жылда осылай келеді Көп қуаныш береді
Шашу етіп біздерге
Ақ күмісін төгеді
14 - бала: Айнала ұшып жүр
Ақ мамық қар себелеп Қалт-құлт еткен бейне бір
Ақ қанатты көбелек

Ән: «Зырлайды шанамыз»
15 - бала:
Ақ мамықтай ұлпа қар
Жамылыпты қырқалар
Қалың - қалың тон киіп Маужырайды шыршалар
16 - бала: Ойыншықты мұншама
Кім іледі екен шыршаға Алақай, айнала түрленді
Балақай, би биле, тұрма енді
17 - бала:
Асыға күткен жаңа жыл
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа заман, жаңа айлар Кел жаңа жыл, жаңа жыл!
18 - бала:
Әлде қарлы боранда
Тау басына түсті ме? Аяз ата оралды
Ақ тон киіп үстіне

Тәрбиеші: Аяз атамен Ақшақарды шығарып салайық, себебі оларды басқа балалар күтіп отыр.
Аяз ата: Балалар, бүгінгі жаңа жылдық мереке, ән - би бізге өте ұнады. Өнерлі екенсіңдер. Өркендерің өссін.
Тәрбиеші: Ата - аналарға сөз берейік. Сыйлық тарату.
Ән: «Аппақ, аппақ»

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама