Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қош келдің – Наурыз!
«Қош келдің – Наурыз!»
Мақсаты:
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Наурыз - жыл басы, ата бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге
тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбиеші:
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық, мерекесі халықтың наурыз тойын бастайық. Құтты болсын мереке,
құтты болсын думан береке.
Наурыз мерекесі құтты болсын «Қош келдің, Наурыз!»
мерекелік бағдармамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ұлыс күндеріңіз құтты болсын.
Ата – бабаларымыздың сөзін айтсақ «ақ түйенің қарны жарылған күн»
Бұл күні бабаларымыз бен әжелеріміз үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан Үлкен кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілеген.
Тәрбиеші:
Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр.
Би: «Қаражорға»

Тәрбиеші:
Халқымыздың аңыздары бойынша Наурыздың 22 түнінде сағат 3 - те даланы Қыдыр ата аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп, қос шырақ жағылып қойылады. Ыдыс атауларын «ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды, Жыл бойы дән тасқын - тасқын, ақ мол, жауын - шашын көп болсын деп тілейді
(Музыка әуенімен ортаға «Көктем», Қыдыр ата, Наурыз қыз келеді.)

Тәрбиеші:
Қыдыр ата ортамызға келіп түр
Бізге ақ батасын, ақ тілегін берейін деп
Сәлем беріп, алақанымызды жайып
Алайық атамыздың Ақ батасын
Қыдыр ата.
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін
Көйлектерін көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын
Қуаныштарың көп болсын
Аумин!

Наурыз қыз:
Ашық болсын күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай - тұлғалы өмірде айтылады жырымыз.
Жайнатамын гүл - гүлді
Сайратамын бұлбұлды
Мерейлі жұрт тойласын
Мейрам етіп Наурызды!

Қызылорда облысы,
Арал қаласы «Жазира» балабақшасы.
І санатты тәрбиеші Бәшенова Зәуреш Жылқышыбайқызы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама