- 05 нау. 2024 00:21
- 195
Қосу амалын тексеру
Сабақтың тақырыбы; Қосу амалын тексеру.
Сабақтың мақсаты: Қосу амалын тексеруді ұғындыру
Оқушыларға есептер шығарта отырып оқушының ой белсенділігін арттыру. Әдемі, сауатты, ұқыпты жазуға және бір - біріне көмекке келуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: «Жеті лақ» ертегісі интерактивті тақтадан сызбалар.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ.
Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік.
Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан өзгеше. Өйткені бүгін біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегі тыңдауға қалай қарайсыңдар
- Иә, тыңдаймыз.
- Бүгінгі сабағымыз басынан аяғына дейін «Жеті лақ» ертегісіне арналады.
- Ерте - ерте ертеде, ешкі жүні бөрте де бір ешкі мен оның жеті лағы өмір сүріпті.(Слайдтан суретін көрсету) Өріске кетер кезінде үнемі лақтарына
- Лақтарым, шұнақтарым
Шұнақтарым, құлақтарым
Егер қасқыр келіп, есікті қақса ашпаңдар, дейді.
Сөйтіп, күнде ешкінің жем іздеп кететін кезін аңдып жүріп, қасқыр есік қағады.(слайд) Аңқау лақтар есікті ашып қалғанда қасқыр лақтарды ұрлап әкетеді. Содан бері ешкі лақтарын іздеп жүрген көрінеді. Енді біз ешкіге көмектесейік.
Қасқыр болды қауіпті
Лақтарды қамап қойыпты.
Қасқыр бізге хат жіберіпті. Ішінде мынадай хабар бар екен.
«Егер мына тапсырмаларды орындасаңдар лақтарды жемей қайтарамын.»
- Балалар, қасқырдың тапсырмасын орындап ешкіге көмектесейік.
1 - тапсырма. Өткенді қайталаңдар.
1 - сұрақ. Жақша ішіндегі амалдар қалай орындалады?
2 - сұрақ; Қосудың ауыстырымдылық қасиетін айт.
3 - сұрақ: Қосудың терімділік қасиетін айт.
4 - сұрақ: Көпбұрыштың периметрін қалай табамыз?
2 - тапсырма. Жаңа сабақты түсініңдер.
- Олай болса, дәптерімізді ашып, сандарды әдемі етіп жазамыз.
Көркем жазу минуты.
Күннің жадын жазу.
Жаңа сабақ: Қосу амалын тексеру.
- Балалар, маған кез келген қосынды айтыңдаршы. Мысалы: 42+7=49
Қосылғыш - 42
Қосылғыш - 7
Қосындының мәні - 49
Қосу амалын азайту амалымен тексереміз. Ол үшін қосындыдан қосылғыштардың біреуін азайтамыз.
Сонда 49 - 7=42
Егер екінші қосылғыш шықса, онда есептің дұрыс орындалғаны.
Сонымен: Егер екі қосылғыштың қосындысынан олардың біреуін алып тастаса, онда екінші қосылғыш шығады.
3 - тапсырма. Оқулықтағы 1, 3 есептерді орында.
4 - тапсырма. Сергіту сәті;
Орнымыздан тұралық,
Алақанды ұралық.
Бір отырып, бір тұрып.
Біз тынығып алайық.
5 - тапсырма. Оқулықтағы 4, 5 есептерді орында.
6 - тапсырма. Шығармашылық тапсырма.
7 - тапсырма. Бүгін біз нені үйрендік? «Шифрді шеш»ойыны.
Шифрдің кілті.
55, 21, 23,
51, 53, 25, 27, 57, 29, 59,
Көп рахмет!
- Сонымен, балалар біз қасқырдың барлық тапсырмаларын орындап ешкінің лақтарын құтқардық.(слайдтан суретін көрсету)
Үйге тапсырма 8, 9 есептер
Бағалау.