Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Талаптыға нұр жауар
Мектепішілік жас ақындар сайысы
Тақырыбы: «Талаптыға нұр жауар»

Мақсаты: Мектепішілік дарынды оқушыларды анықтау. Оқушылардың шабытын оятып, ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушыларды ақындық өнерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, өлеңдер, әсем гүлдер, шарлар т. б.

Ұйымдастыру сәті: Жағымды әуен
Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Мектепішілік дарынды оқушыларды анықтауда ұйымдастырылып отырған кезекті жас ақындар сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі жас ақындар сайысына қатынасушы үміткерлерге сәттілік тілеймін.
Абай, Сәкен, Мағжандай,
Жүйрік шықты қазақтан.
Шәкәрім, Қасым, Жұбандар,
Мұқағали, Мұзафар.
Жырлай білген халқының,
Қамын ойлап артының.
Сен де талпын, жас өрен,
Атың шықсын өлеңмен,- дей келе бүгінгі сайысқа қатынасушы сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
7 «А» сынып оқушысы Бөлекбай Жеңісгүл
7 «А» сынып оқушысы Жанан Жансая

Бүгінгі жас ақындар сайысының қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.
2.
3.
Сайыс III кезеңнен тұрады.
I - кезеңде «Мен кіммін?» сайыскерлер өздерін өлеңмен таныстырады.
II - кезеңде «Ақын болғым келеді» оқушылар өз шығармашылығынан бір өлеңін жатқа оқиды.
III - кезеңде «Талаптыға нұр жауар» сайыскерлерге бірнеше тақырыптар ұсынылады. Өздері қалаған тақырыбына өлең жазады.(Оқыған таныстырулар мен өлеңдерін қағаз күйінде тапсыру сұралады)

Талаптарың арта берсін өрендер,
Бірің ақын, бірің болып кемеңгер.
Өнерліге өріс кең деген қазақ,
Жөн болар алдыменен амандассақ,- деп таныстыруға кезек берейік.

Сайысымыздың I - кезеңі бойынша оқушылар өздерін таныстырып өтсін.
Сайысымыздың II - кезеңі бойынша оқушылар өлеңдерін жатқа оқиды.
Қазақ деген тегінде ақын халық,
Өлең жырға жүрегі жақын халық.
Біз де жазып көрейік бір өлеңді,
Бүгінгі бұл сайыста кім жеңеді?,- дей отырып, оқушылардың шығармашылығына кезек берейік.

Сайысымыздың III - кезеңі басталды.
Оқушыларға төмендегідей тақырыптар ұсынылады.
Білім
Өнер
Тәрбие
Еңбек
Мектеп
Отбасы
Ұстаз
Осы тақырыптардың біреуін таңдап алып өлең құрастырамыз. (10 минут) уақыт беріледі.
Оқушылар өлеңдерін оқиды.
Жас ақындарды марапаттау кезегі келіп жетті. Сөз қазылар алқасына беріледі.

Қорытынды: Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғаламды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,- деп Абай атамыз айтқандай, бойыңыздағы талантыңызды әрдайым көрсете біліңіз. Сіздерді талай биік асулар күтіп тұр. Сол асуларға жетуге талпыныңыздар. Қанаттарың талмасын. Әр шәкірт биіктерге самғасын демекпін.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама