"Ата Заң - асыл мұра" сабағының әзірлемесі
Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып: | Ата заң – асыл мұра Сан есім. Сан есімдер түрі. |
Сабақтың мақсаты: | Тыңдаушылардың лексикалық қорын жаңа сөздермен байыту, мемлекеттік тілде еркін сөйлеуін дамыту, тіл үйренушілерді өз ойларын еркін де таза жеткізе білуге, жерін, елін сүюге, құрметтеуге, өз құқтарын білуге үйрету. Түрлі жаттығулар арқылы сауатты жазуға дағдыландыру. |
Сабақтың әдіс - тәсілдері: | Интерактивті әдіс, сұрақ - жауап, түсіндіру, салыстыру. |
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: | Үлестірмелі материалдар, суреттер мен грамматикалық кестелер. |
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) тыңдаушылардың сабаққа қатысуын қадағалау;
ә) көңілдерін сабаққа аудару.
Мұғалім: Құрметті тыңдаушылар және әріптестер! Сәлеметсіздер ме!
Еркін елдің Ата Заңы ардақты,
Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.
Адам құқы, бостандығы, теңдігі,
Барлығын да қарастырған жан - жақты! – дей отыра Конституция күніне арналған «Ата Заң – асыл мұра» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!
Мұғалім: Бәріміз бала кезімізде ертегілер, мультфильмдер көріп өстік жақсы білеміз. Экранға назар аударыңыздар.
Мультфильмдерден үзінді
1. «Бауырсақ» ертегісі. Түлкі Бауырсақты жеп қойғанда қандай құқық бұзылды? (Өмір сүруге)
2. «Үш аю» ертегісі. Маша үш аюдың үйіне кіргенде қандай құқық бұзылды? (Тұрғын үйге қол сұқпаушылық)
3. «Тотықұс Кешаның оқиғасы». Кешаның қандай құқығы бұзылды? (Еркін жүріп - тұру құқығы)
СӨЙЛЕСІМ
Мұғалім: Құрметті тіл үйренушілер біздің қандай құқтарымыз бар
1 -: Тәуелсіз болуға
2 -: Отбасылы болуға
3 -: Демалуға
4 -: Азаматтық алуға
5 -: Ем қабылдауға
6 -: Өз - өзімді қорғауға
7 -: Білім алуға ҚҰҚҰЛЫМЫЗ!
Мұғалім: Енді, айтындаршы осы барлық құқтар жиынтығы қай жерде жазылған. Білмейсіздер ме? Онда мына сөзжұмбақты шешіңіздер.
Сөзжұмбақ шешу.
1. | Қ | а | з | а | қ | с | т | а | н | ||||||||
2. | Н | ұ | р | - | С | ұ | л | т | а | н | |||||||
3. | Т | о | қ | а | е | в | |||||||||||
4. | Қ | а | з | а | қ | т | і | л | і | ||||||||
5. | Е | л | т | а | ң | б | а | ||||||||||
6. | Т | е | ң | г | е | ||||||||||||
1. Біз қай елде, Республикада тұрамыз?
2. Қазақстанның елордасы қай қала?
3. Президентіміз кім?
4. ҚР - ның мемлекеттік тілі?
5. Герб (аудармасы)
6. Ұлттық валюта
"Конституция" сөзі латынның "құрылым - устройство"сөзінен шыққан. Әр мемлекеттің өз конституциясы бар.
Мұғалім: - Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады.
Жаңа сөздер
Ел – страна Тәуелсіз - независимый
Елорда – столица Құқық - право
Ұлт, ұлттық – нация, национальный Міндет - обязанности
Рәміз – символ Азамат - гражданин
Мемлекет – государство Өмір - жизнь
Достық – дружба Егеменді - суверенный
Көпұлтты – многонациональный
Ата заң - конституция
Мереке – праздник
Салт - дәстүр – традиции
Мақтаныш – гордость
Жаңа сөздермен жұмыс
Жаңа сөздермен сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыру
ЖАЗЫЛЫМ.
1 - тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздер мен сөз тіркестерді жазыңыз.
1. Біз...... тұрамыз. 2. Өзіміздің...,... бар. 3.... Нұр - Сұлтан қаласы. 4. Жыл сайын... күнін... тамызда тойлаймыз. 5. Қазақстан халқының өз... бар. 6. Өзіміздің... валютамыз бар.
(Елордамыз, Конституция, ұлттық, 30, Ата заңымыз, Тәуелсіз елде, салт - дәстүріміз, рәміздері )
2 - тапсырма: Берілген сөздермен бірнеше сөз жазыңыз.
ҚАЗАҚСТАН. ТӘУЕЛСІЗДІК
СЕГІТУ СӘТІ.
Бір фразаны айтасыз, бірақ әр қатысушы жаңа интонациямен айтуы керек (сұраулы, таң қалушы, жылап, қуанышты, немқұрайлық).
СМАЙЛИКТЕР
Мысалы: 1. Ертең емтихан болады. 2. Біздің үйге қонаққа келіңіздер.
ТЫҢДАЛЫМ
Тыңдалым бойынша тест
1. Сөйлемді толықтырыңыз.
Бүгін... тамыз мемлекеттік мереке, Конституция күні жарияланды.
А. 25
Ә. 16
В. 30
С. 22
2. Дұрыс жауапты анықтаңыз.
А. Ай сайын
Ә. Апта сайын
В. Екі жылда бір рет
С. жыл сайын
3. Сұраққа жауап беріңіз.
Мереке қалай аталып өтіледі?
А. Облыстық көлемде.
Ә. Республикалық көлемде.
В. Аудандық көлемде.
С. Қалалық көлемде.
4. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
А. Конституция күні, мереке, құттықтау
Ә. Конституция, жыл, апта
В. Конституция, ай сайын
С. Конституция, той, тілек
ОҚЫЛЫМ.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Биыл Тәуелсіздігімізге 31 жыл толып отыр. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң, өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз – мемлекеттік мереке «Конституция күні» деп аталды. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар. Олар: Мелекеттік Ту. Елтаңба. Әнұран.
Тапсырма:
1. Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару
2. Мәтін ішінен сан есімдерді анықтау, түрлерін ажырату
Мұғалім: Сөз тыңдаушыларға беріледі
(тыңдаушылар жатқа өлең жолдарын айтады)
Тұлпардың беріп тынысын
Кемел болсын ұлы ісін!
Орнасын ұлы даламда,
Ынтымақ пен ырысын.
Егемендігім - елдігім,
Баянды болсын теңдігім!
Дәуірдің күрестерінде,
Үзілмесін белдігін.
Дарытпай бойға кеселді,
Шайқалтпай күміс кесенді,
Әділдік жолмен алып қал,
Тарихта кеткен есенді.
Тамырын жайған тереңге,
Төзімін ұқсап еменге,
Тамсанып тұрсын өзге жұрт,
Қазақтың елі дегенде!
Еркін елдің Ата Заңы ардақты,
Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.
Адам құқы, бостандығы, теңдігі,
Барлығын да қарастырған жан - жақты.
Ата заңым – барлық заңның негізі,
Ата Заңым бабалардың лебізі.
Арқа сүйер Ата заңға адамдар,
Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.
Мұғалім:
Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға құсы,
Халық боп қадір тұтып қастерлеген,
Ата заң – Азат елдің ар - намысы!
Халқымыз бірлікте, татулықта тыныш өмір сүрсін! Еліміздің абыройы мен мәртебесі асқақтай берсін! Конституция күні баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін!!!
«Атамекен» әні орындалады
Бурабай ауданы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Қ.Маширова