Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
"Қыс" Абай Құнанбаев
Тақырыбы: Қыс Абай Құнанбаев
Сабақтың мақсаты: өлеңнің, әңгіменің мазмұнын ашу, мәнерлеп оқуға үйрету, мәтінмен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Дамытушылығы: байланыстырып сөйлеуді дамыту, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелеу: табиғатты сүйе білуге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі:
Қыс туралы сурет, Абай Құнанбаев, Сафуан Шаймерденов суреттері,
Аяз ата сәлемдемесі, қар бейнесіндегі тапсырмалар.
Сабақтың жүрісі.
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық

Кіріспе әңгіме сұрақ - жауап әдісімен жүргізіледі. «Қыс бейнесі» жаңа тарауын бастаймыз.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс айларын кім атайды?
Қысқы табиғаттың ерекшелігі неде?

Бүгін біз Абай атамыздың «Қыс» деген өлеңімен танысамыз (тақтаға жазу). Күзде аспан сұрланып, жер қара болып, ағаштар жалаңаштанып тұрса, қыс түскенде жердің беті аппақ, ауа таза, аспан көбіне ашық болады. Бірақ, қыстың аты қыс өзінің кейде қытымыр, қатал мінезін көрсетеді. Абай атамыз қысты кімге теңейді екен, соны тыңдайық.
1. Мұғалім мәнерлеп жатқа оқиды.
2. Сөздік жұмыс.
3. Оқушыларға мәнерлеп оқыту. 3 шумақты бөліп оқыту.
4. Сұрақтарға жауап алу.
- Ақын қысты жандандыра қалай суреттейді?
- Қар жамылған өзен, теңіз, тау - төбені ақын кімге ұқсатады?
- Қыстың қыраулы суықтығы қандай адам бейнесімен берілген?
- Қыс күнінің құбылмалы екендігі жөнінде өлеңде не делінген?
5. «Сөзбен сурет саламыз» (І - ші шумақ бойынша)
6. Бірер минут көздеріңді жұмып, менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
1) Шалдың киімі қандай?
2) Денесі, түрі қандай?
3) Мінезі қандай?
4) Үсті қандай?
Ал енді көздерімізді ашайық, не көріп тұрмыз? Сонымен біз кімнің өлеңімен таныстық? Не жайлы?
7. Қыста болатын қандай табиғат құбылыстарын білесіздер?
Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстары: қар, боран, тұман, аяз, қырау, аралас, жаңбыр
Үйге тапсырма: өлеңді жаттап келу.
8. Халықтық болжамды оқып беру.
9. Қыста не жауады? (Кіріспе әңгіме). Қардың қалай жауатынын Сафуан Шаймерденов ағаларыңның «Қар» деген әңгімесінен білеміз (Тақтаға жазу). Өздеріңдей Тұрар деген бала терезе алдына келді. Одан әрі не болды екенін тыңдайық.
10. Мәнерлеп оқу.
11. Оқушыларға оқыту.
12. Сырттан дыбыс естіліп, Аяз атаның сәлемдемесі жеткізіледі.
Тапсырмалар:
1. Қар жауған соң айнала қалай өзгереді?
2. Мәтіннен қар жауып тұрған кезді суреттейтін тұсты тауып оқы.
3. Жұмбақ:
а) Қыста айна,
Көктемде су (Мұз)
ә) Бетті шымшып қызартып,
Әсем ою ояды.
Қанттай ұсақ, сүттей ақ,
Не екенін ойлап тап (Қар)
4. Қыс туралы білетін, өлеңіңді оқып бер.
5. Қорытындылау. Мадақтау - бағалау. Қыс туралы өлең айту. Үйге тапсырма: түсініп оқу, тапсырманы жазып келу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама