- 04 нау. 2016 00:00
- 224
Құрметтеу
ОҚО Шымкент қаласы № 103 ЖОМ
4 «Б» сынып оқушысы: Құрал Мөлдір
Сынып жетекшісі: Алданова Жанат
Бір үйдің екі баласы: Айдос пен Жандос. Олар сабақты жақсы оқиды. Айдос пен Жандос жаман баға алған емес. Олар әр жексенбі сайын шомылуға барады. Бір күні олар көшеде келе жатып, бір қарияның ауыр жүгін алып, көшеден өте алмай жатқанын көрді.
Айдос:
- Жандос, жүр атаға көмектесіп жіберейік. Қарашы, ауыр жүгін көтере алмай жатыр-деді.
Жандос:
- Қойшы, оданда тезірек шомылуға барайық- деп асығып кетіп қалды.
Айдос атаның жүгін көтерісіп, үйіне дейін шығарып салды.
Қария:
- Құрметіңнен айналдым. Өзің нағыз ержүрек екенсің. Рахмет, балам. Өркенің өссін -деп бір дорба алма берді.
Айдос үйіне барып, болған жәйді әкесіне баяндап берді.
Әкесі:
- Балам, дұрыс істегенсің. Әрдайым үлкен кісілердің батасын алып жүр. Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер. Мен сені мақтан етемін- деп Айдостың арқасынан қақты.
Айдостың кеудесін қуаныш биледі. Ал Жандос өз іс-әректіне ұялып, мұңайып қалды.