Құстардың табиғатта және шаруашылықтағы ролі
ОҚО, Түркістан қаласы, А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебінің 4 Ә сынып оқушысы Орынбай Аяулым Исаханқызының ғылыми жұмысы
Ғылыми жетекшісі: Сарбаева Умиткуль Онгаровна
Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Құстардың табиғатта және шаруашылықтағы ролі.
Миллиондаған құстардың табиғатқа әсері өте зор өте көп түрлі және бірдей емес. Құстар көптеген табиғат құбылыстарына, және оның ішінде адам баласына оң жән теріс әсер етеді. Ауыл шаруашылық дақылдары, орман және басқа табиғи, жасанды тоғайлардың зиянкестерінің санын кемітуде құстардың ролін бағалауы қиын. Насекомдардың өсімталдығы өте жоғары, адам баласы көкқасқа шегіртке (саранча), ағашкескіш, қабық жегіш қоңыздар және т.б. сияқты зиянкестердің санының тез өсуін қадағалауда өте қиын. Сондықтан адам баласы түрлі улы химикаттар қолдануға мәжбүр болады, ал бұлар барлық бәледен құтқаратын құрал болып табылмайды, улы заттардан пайдалы насекомдар мен құстарда қырылады. Насеком қоректі құстарды орман массивтеріне, орман қорғау жерлеріне, бау-бақша учаскелеріне тарту өсімдіктердің зиянкестерге тұрақтылығы артатынын көрсетті. Түрлі көкшымшықтар, сандуғаштар, шөже торғайлар, көкектер, тоқылдақтар, бозторғайлар, қараторғайлар, қарлығаштар, ұзынқанаттар, күйкентайлар, ақтұмсық қарғалар, шағалалар және т.б. әртүрлі экологиялық қуыстарды мекендейтін насекомдармен қоректенеді, ауада ұшып жүріп оларды жояды. Күндізгі және түнгі жыртқыш құстар, қарғатектестер, шағалалар түрлі кеміргіштерді-қаптесерлерді, тоқалтістерді, саршұнақтарды өте көптеп аулап, дәнді дақылдар өнімін сақтап қалады және кеміргіштер тасымалдайтын көптеген ауруларды таратуға бөгет болады. Құстардың жоғары мәнерлі ұшуы насекомдардың көптеп жиналған жерін тез тауып алып, оларды көп мөлшерде жеуіне жәрдемдеседі (150 сур.).
Көптеген жерлерде майда торғайтектес құстардың (көкшымшықтар, қараторғайлар) ұялауына жағдай жасалып, жасанды ормандар, парктер, бақтарда жасанды ұялар қойылады. ТМД елдерінде соңғы жылдарға дейін құстар күн аталып өтетін, бұл кезде мыңдаған оқушылар бақтар мен парктерде құстар орналасатын ұялар ілетін-ді.
Жылына екі рет қаздарды, үйректерді, тауықтектестерді, ірі шалшықшы құстарды аулауға рұқсат етіледі, мұндай рұқсатты көптеген әуесқой аңшылар пайдаланады. Араб Эмираты жабайы кәсіптік маңызы бар құстардың (дуадақ, безгелдек, жиек дуадақ) жұмыртқаларын сатып алып, оларды арнайы лабораториялардағы инкубаторларда шайқап, балапандарын өсіріп, ересек кезде оларды табиғатқа жіберіп, одан соң сұңқарлармен аулайды. Қазақстан мен Қырғызстанда қоян, түлкі және қасқырға бүркіт салып, саятшылық жасайтын дәстүр бар. Жақсы бүркіт бір маусымда бірнеше ондаған түлкі бастайды.
Десе де құстар кейбір аймақтарда кейде біршама зиян да келтіруі мүмкін. Жас қараторғайлар, үлкен топқа жиналып, жүзімдікке, шиелі баққа шабуылдап, бұл жемістердің өнімін тұтастай жойып та жібереді. Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен маңызы бар. Қөптеген түрлерін үйретіп, үй кұсына айналдырған, бұл әрекетті осы кезге дейін жетілдіріп келеді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, әсемдік үшін құстардың жақа тұкымдарын шығарады. Жабайы құстардың — ауыл, орман, балық шаруашылығында, ан, аулау кәсібінде және денсаулық сақтауда зор маңызы бар. Құстардың экономикалық маңызы өте күрделі, оны механикалық шеше салатын мәселе емес. Бір түрге жататын құстың, өзі бір жағдайда пайдалы болса, екінші бір жағдайда зиянды болып саналады, Шаруашылықтың бір түріне пайдалы болған құс, шаруашылықтын. екінші саласына зиянын тигізуі мүмкін. Көпшілік құстар егін, бау-бақша, тоғайлы және далалы жердегі өсімдіктер тигізеді. Орман зиянкестерімен қоректенетін құстарға: сары шымшық; пищухалар, түрлі славкалар, шыбын қаққыштар, түрлі сары шымшықтар, қызыл құйрықтар, малионовкалар, көкектер, жағалтайлар, ешкіемерлер, тоқылдақтар, кішкене торғайлар, жорға торғайлар т. б. жатады. Дала мен шабындық жерлердегі зиянкестермен қоректенетін құстарға: кәдімгі қара торғай, түрлі қаратамақ торғай, боз торғайлар, ақсарылар, көк қарғалар, айдарлы көкектер, кәдімгі және дала бөктергісі, қырғилар, ақ тұмсық қарғалар, ұзақтар, кейбір жерлерде шағалалар т. б. жатады.
Күлгін қара торғай (Рastor roseus) Орта Азияға, Қазақстанға, Кавказда Төменгі Еділде тараған. Кейбір жылдары Украинада да болады. Ересегі бір тәулікте көптеген жүз насекомдарды жояды.
Р.Н.Мекленбурцевтін, мәліметі бойынша, Орта Азиядағы қараторғайдың әрбір үйірі, ұялаған кезінде (бір айда) 100 мыңдай шегірткелерді құртады. Сонымен қатар жас балапандары жүзім мен шиені жеп зиянын тигізеді. А, Н. Формозов Қазақстанда дала бөктергісінің шегірткелерді жейтінін бақылаған. Оның айтуынща, безгелдек (Міcrotus tetrax) таңертеңгі уақытта 250 шегірткені жегенін байқаған, Батыс Сибирьде және Қазақстанда мыңдаған шағалалар, үйректер, қызғыштар және ақ тұмсық қара қарғалар далалық жерлерге шығып, шегірткелермен қоректенеді.
Самырсын құстар (Nucifraga caryocatactes) самырсын ағаштарының көптеген жаңғақтарын жеп, өндірістік маңызы бар жаңғақтың қорын кемітеді. Сонымен қатар бұл құстар көптеген самырсын жаңғақтарын мүктердің арасына, топыраққа апарып көміп, самырсын ағашының тұқымыньщ тарауына себепші болады.
Құстар ұсақ кемірушілерді жеп, ауыл шаруашылығына үлкен пайда келтіреді, Көптеген күндізгі жыртқыш құстар және жапалақтар көпшілігінде ұсақ кемірушілермен қоректеніп, оларды қырады. Ұсақ кемірушілермен қоректенетін кұстарға кәдімгі жамансарысы; (Вuteo buteo), қорған жамансарысы (Вuteo forax), қыстақ жамансарысы (Archibuteo lagopus), құладындар (батпақ жердің құладынынан басқалары), қорған бүркіті (Aquila helaica), дaла бүркіті (А. nipalensis), кәдімгі бөктергі, дала бөктергісі, күйкентайлар, ителгілер, батпақты жердің жапалағы, құлақты жапалақ және сұр неясыттар т.б. жатады.
Кемірушілер аз болған жылы, бұлардын, бірқатары насекомдармен, рептилилермен, құстармен қоректенеді. Кемірушілер көбейіп кеткен жылы ұсақ кемірушілермен тек қана жыртқыш құстар емес, құзғын, сауысқан, құтандар, дегелектер де қоректенеді. Олар кемірушілер көбейіп кеткен жерге топтанып ұшып барып, қырады.
Құстардың зиянды жануарларды құртып, адамның шаруашылық әрекетіне пайда келтіретін фактыларды көптеп келтіруге болады. Сондықтан құстарды қорғау және егістік бау-бақшалы жерлерге тарту үшін қолдан жасанды ұялар салу, ағаштарды көбірек егу керек. Бұл жұмысты бүкіл еліміздегі мектеп оқушылары жүзеге асырып, халық шаруашылығына үлкен пайда тигізіп отыр.
Кейбір құстардың пайдасымен қатар зияны да айтарлықтай, Мысалы, ақ тұмсық, қара қарғалар көктемде себілген тұқымды қазып жесе, жазда қиярды, қарбыз, қауынды, картопты шоқып бүлдіреді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының зиянкес насекомдарында жеп көп пайда келтіреді. Сол сияқты суық торғайларда балапаны ұшқанша насекомдармен олардың личинкаларымен, жұлдыз құрттармен қоректендірсе, олар ұшқасын, күзде дәнді дақылдармен қоректендіріп зиянын тигізеді. Сонымен қатар кейбір түрлері ементұмсықтар мен қара торғайлар шие жемісін жеп үлкен зиян келтіреді.