Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 41 минут бұрын)
Қыдырәлі Болманов Мөлдір Мұқанованың туған күнінде ән шырқады

Кеше Мөлдір Мұқанова өзінің туған күнін ерекше атап өтті. Кеш қонақтарының арасында болған танымал әнші Қыдырәлі Болманов сахна төріне шығып, мереке иесіне арнап ән шырқады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кештен кейін Қыдырәлі Болманов әлеуметтік желіде Мөлдір Мұқановаға арнап жылы лебізін білдірген жазба қалдырды. Ол әншімен таныстығының тарихын еске алып, оның ақ пейілін, туысқандай жақындығын атап өтті.

Достық пен құрмет

«Астанаға көшіп келгелі, Тұрсынбекті танығалы бері Мөлдірді білемін. Қашан көрсем де, ағалап, ыстық ықыласын білдіріп, құрметін көрсетіп, туған қарындасымдай ақ ниетін алдымызға жайып жүретін, ниеттес, тілектес жандардың бірі. Мөлдірдің аға-апалары да сондай сыйлап, құрметін білдіріп тұрады. Алла разы болсын!» - деп жазды әнші.

Тілектер мен бата

Қыдырәлі Болманов Мөлдірге ақ батасын беріп, тілегінің қабыл болуын тіледі. «Мөлдіржан, маған деген сый-құрметің қандай болса, мейірімді Алла саған да солай мейіріммен қарасын! Тілегіңді қабыл етсін, Мөлдір! Алла жайнап өсіп келе жатқан құлыншақтарыңның бақытын көруді нәсіп етсін!» - деп сөзін қорытындылады.

Жаңалықтар

Жарнама