Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 31 минут бұрын)
Қызылордада техосмотр орталықтары жоғалып кетті: жүргізушілер кезекке тұрып, шағымдануда

Қызылорда қаласында автокөлік иелері техосмотрдан өту үшін ұзақ кезекке тұруға мәжбүр. Тұрғындардың айтуынша, қалада техосмотр жүргізетін орталықтардың саны күрт азайып, тек екі орын ғана жұмыс істеп тұр. Бұл жағдай автокөлік иелерінің наразылығын тудыруда.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көлік иелерінің айтуынша, қазіргі уақытта тек екі жерде ғана техосмотрдан өтуге болады: бірі – арнайы ХҚКО-да, екіншісі – Желтоқсан көшесінде орналасқан. Кезекке тұру таңғы сағат 5-тен басталады. Күніне ең көп дегенде 40-50 көлік қабылданады. Бұл кезектерде жеңіл және жүк көліктерінің иелері де бар.

Жүргізушілер неге шағымданады?

Жүргізушілердің айтуынша, техосморты жоқ көліктерді анықтайтын камералардың белсенді жұмыс істей бастауы жағдайды одан әрі қиындатып отыр. Бұл жағдай техосмотрдан уақытылы өтпегендерге айыппұл салыну қаупін арттырады.

Ресми жауап

Бұл мәселеге қатысты Қызылорда облыстық көлік инспекциясынан түсініктеме алдық. Инспекция өкілдерінің айтуынша, техосмотр пункттерінің тапшылығы жоқ. Өңірде бүгінгі таңда техосмотр операторларына 9 рұқсат берілген. Оның 8-і жұмыс істеп тұр: Қызылордада – 7 стационарлық және 1 жылжымалы орталық, ал Қазалы ауданында тағы бір жылжымалы пункт қызмет көрсетеді.

Орталықтардың жұмысын тоқтату себебі

Ведомство барлық орталықтардың демалыссыз және тәулік бойы жұмыс істейтінін, көліктер ағынының тең бөлінгенін мәлімдеді. Алайда, соңғы уақытта өзгерістер болғаны рас. Инспекцияның түсіндіруінше, өткен жылдан бастап техосмотр операторларына қойылатын талаптар қатайтылған. Бұрын тек хабарлама тәртібі болса, енді рұқсат алу және талаптарға сәйкестігін растау қажет. 1 наурыздан бастап бұл рәсімнен өтпеген станциялар бірыңғай ақпараттық жүйеден ажыратылды. Яғни, олар енді техосмотр жүргізе алмайды. Бұл жағдай бір мезгілде бірнеше пункттің жұмысын тоқтатуына себеп болған.

Жаңалықтар

Жарнама