Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 44 минут бұрын)
Ресейде 17 жастағы оқушы мұғалімге пышақ сұқты

Ресейдің Добрянка қаласындағы №5 мектепте 17 жастағы оқушы мұғаліміне пышақпен шабуыл жасады. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, жасөспірім мектепке кіре берісте ұстазына кенеттен шабуылдап, бірнеше рет пышақ сұққан.

Зардап шеккен педагогті дереу ауруханаға жеткізді. Қазір оның жағдайы өте ауыр, дәрігерлер өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салып жатыр. Пермь қаласынан арнайы дәрігерлер бригадасы аттандырылды.

Шабуыл жасаған оқушы ұсталды. Оның бұл әрекетінің себептері анықталуда. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтар

Жарнама