Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Роботтар әлемі
Сайыс тақырыбы: «Роботтар әлемі»
Сайыс мақсаты: Оқушылардың робототехника үйірмесі бойынша алған білімдерін ұшқырлау. Өткен тақырыптарды пысықтау арқылы, әр оқушылардың жеке білім дәрежесі бақылау.
Көрнекі құралдар: Перезентация
Сайыс барысы:
І ұйымдастыру кезеңі.
Ежелден келе жатқан әдеп - ғұрпым,
Сәлем берем иіліп саған жұртым!
Қабыл алғын мұны бір ілтипат деп,
Қазақтың жалғастырар көне салтын.
Құрметті ұстаздар, көрермендер және білім алушылар! Сіздермен бірлесе отырып, 8 - 9 сынып оқушылары арасында «Роботтар әлемі» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әділ қазы ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікті шеше біл
Ең алдымен, ойынымызға төрешілік ететін әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтсем.
  әділ - қазылар:
Математика пәнінің озық ұстазы
Математиканың қыр - сырын терең меңгерген ұстаз
Информатика пәнінің ұлағатты ұстазы
Ендігі кезек өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген білімалушыларды қарсы алайық.
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, – дегендей сайыскерлерімізбен танысып алсақ.
Топтардың таныстыруы
8 «А» сыныбынан құралған команда
8 «Ә» сыныбынан құралған команда
9 «А» сыныбынан құралған команда
9 «Ә» сыныбынан құралған команда
Сайыскерлер де көрермендер де дайын болса ойын ережесімен таныстырайын. Ойын ІІІ кезеңнен тұрады:
І кезең. «Таныстыру» (әр топ өзін таныстырады).
 ІІ кезең. «Сумо» (әр топтың роботтары жарысады)
ІІІ кезең. «Ойлы болсаң озып көр» ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру

 І кезең «Таныстыру» әр оқушы өзін таныстырады. 2 минут уақыт беріледі
ІІ кезең «Сумо» әр топтың роботтары жарысады.
ІІІ кезең бойынша оқушылар ұяшық сұрақтарына жауап береді
1. Белгілі бір әрекеттің бағдарламасына және функцияның соңғы жиынтығына ие құрылғыны не деп айтамыз. (Робот)
2. Робот чех тілінен аударғанда қандай мағына береді? (robota – еріксіз еңбек, rob – құл )
3. Роботтарды дизайндеуге, құруға, қолдануға және олармен жұмыс істеуге бағытталған пәнаралық сала(РОБОТОТЕХНИКА )
4. Робототехника қандай пәндермен байланысты? (Физика, математика, информатика )
5. Дүниежүзілік роботтар олимпиадасын қалай атаймыз? (WRO - World Robot Olympiad )
6. Бірінші дүниежүзілік олимпиада қай жылы қай қалада өтті? (2004 жылы Сингапурде )
7. WRO футбол деген не? (Роботтар арасындағы футбол жарысы)
8. Дүниежүзілік олимпиадада неше категорияда жарысады? (4)
9. LEGO® MINDSTORMS® EV3 жинағының құрамы неше бөлшектен тұрады? (541)
10. Түс датчигі неше түсті ажырата алады? (8түс)
11. Роботтың айналу қозғалысын және оның бағытындағы өзгерістерді өлшейтін қандай датчик? (Гироскопиялық датчик )
12. Ультрадыбысты датчик қандай қызмет атқарады? (Қашықтықты өлшейді, нысандарды анықтайды )
13. Датчик деген не? (Әр түрлі ақпаратты өлшеуге арналған құрал)
14. EV3 бөлшектері неше топқа бөлінеді? (4)
15. Электронды құрамдас бөліктерге нелер жатады? (EV3 модулі, Датчиктер. Моторлар. Байланыстырушы кабельдер.)
Құрметті жарысқа қатысушылар: Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне таяп қалды. Олай болса, топтардың әділ бағасын хабарлау үшін әділ қазы алқаларын ортаға шақырамыз.
Таң шуақ тауелсіздік елімізде,
Бақ - даулет шалқи берсін жерімізде.
Аман – сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!
Келесі кездескенше сау - саламатта болыңыздар!
Марапаттарыңыз құтты болсын.

Толық нұсқасын жүктеп алу​​​
Презентациясын жүктеп алу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама