Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 апта бұрын)
С. Мұқанов "Есіл бойында"
Сәбит Мұқанов «Есіл бойында»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ұлттық әдебиетіміздің негізін салушы қаламгерлердің бірі Сәбит Мұқановтың шығармашылығы жайында мағлұмат беру, қаламгердің Есіл өлкесінің көркем табиғатын танытудағы сөз қолдану ерекшелігін, суреттеу шеберлігін жергілікті жердің табиғат көріністерімен салыстыра меңгерту.
2. Дамытушылық: оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін, тілдік қорын дамыту.
3. Тәрбиелік: жазушы өмірін өнеге ете отырып, туған жердің табиғатын сүюге және құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдістері: баяндау, сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, кубизм, сөздік жұмысы, кестемен жұмыс, ойтолғау, интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабаққа керекті құрал - жабдықтар мен көрнекіліктер: С. Мұқановтың суреті, географиялық карта, интерактивті тақта, табиғат көрінісін бейнелейтін суреттер.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, өмір.
Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, сынып тазалығын тексеру, сынып оқушыларын түгендеу.
ІІ Үй тапсырмасын қорытындылау.
С. Мұқановтың өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер мен «Саятшы Ораз» әңгімесі сұрақ - жауап түрінде сұралады.
1. Жазушының өмір белестері жайында не білеміз?
(Интерактивті тақтаға топтастыру түрінде жазады).

1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданында дүниеге келген.

1968 жылы Ақын, өлеңге алғаш қадамы 19 жасында басталған.
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері

Жазушы, «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы
«Өмір мектебі» романының авторы

Қоғам қайраткері Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі

2. Алтай жігіті Еркебұланның С. Мұқанов пен М. Әуезов жайындағы пікірі.
3. Алты жасар бала Сәбиттің есінде не себепті өз туыстарынан гөрі саятшы Ораз сақталып қалды?
4. Халқымыздың құсбегілері қандай құстарды ұстап баптайды? Оларды қандай аң - құсқа салады?
5. Бұл шығармада суреттеудің қай түрін байқадыңдар? Мәтіннен мысал келтіре отырып, атап беріңдер?
6. Аңшылық тақырыбында жазылған қандай шығармаларды білесіңдер?

ІІІ Жаңа сабақ
(МұзАРТ тобының орындауындағы «Есіл ағады» әнінің музыкасы естіліп тұрады).
Мұғалім: - Жазушының «Өмір мектебі» романы жазушының өз басынан өткен өмір белестері жайында сыр шертеді. «Саятшы Ораз» үзіндісінде кейіпкердің балалық шағында есінде сақталып қалған Ораз атты саятшының мергендігі, құсбегілігі мен аңшылығына қоса, қайырымдылық, мейірімділік, жомарттық тәрізді адамгершілік қасиеттерін сөз етсе, «Есіл бойында» деп аталатын үзіндіде туып - өскен жері Есіл даласының табиғат көріністерін аса көркем тілмен суреттей келіп, сол туған жерге арналған әннің шығу тарихын сыр ғып баяндайды.
Есіл даласының сумаңдай аққан мөлдір толқынды сағымы, жібектей жұмсақ, жұпар иісті, бой жеткен сұлудай сылана жайқалған қалың шалғыны, жылдың өзге мезгілінде жортуылын жиілетіп, шілдеде баяу есетін желі, жанға жайлы, хош иісі бар балбыраған жеміс - жидегі, шайы шымылдықтай желпініп, қас пен көздің арасында мың құлпырып, кемеліне келіп толықсып тұрған тоғайы әсем де көркем бейнеленген.
Құлағыңды қытықтайтын тамаша ән - күйін де керемет суреттейді. Жазушы Есіл өлкесінің пейзаждық энциклопедиясын жасағандай. Әңгіменің әсерлілігі сонша – осынау әсем көріністер көз алдыңа елестеп, хош иісі мұрныңды қытықтағандай, құстардың даусы құлағыңа естілгендей сезінесің.
- Ендеше, балалар, үзіндіні мәнерлеп оқи
отырып, осы тамаша көріністі біз де сезінейік.

Күннің жады мен тақырыпты жаздыру.
1. Оқулықпен жұмыс. Әңгімені мәнерлеп оқыту.
2. Әңгімеге жоспар құрғызу.
І Есіл бойындағы сағым
ІІ Есіл өлкесінің желі
ІІІ Жайқалған жасыл шалғын
IY Балдай тәтті жеміс - жидек
Y Кемеліне келіп толықсыған тоғай
YI Есіл өзенінің ағысы
YII Құстардың тамаша хоры
3. Сөздік жұмысы
Түсініксіз сөздермен жұмыс
4. Әңгімеден жазушының көркем тіл шеберлігін танытатын бейнелі сөздерді тауып, кестені толтыру.
Көркемдегіш
сөздер
Есіл өлкесі Теңеу Эпитет Кейіптеу
Сағым
Жел
Шалғын
Жеміс - жидек
Тоғай
Өзен
Құстар
IY Сабақты бекіту
Кубизм әдісі
1. Зертте. Есіл өзені қай жерде орналасқан? Өзен жанында орналасқан қала тарихы жайында не білесің?
2. Салыстыр. Кешегі Есіл мен бүгінгі Есілді интерактивті тақтадағы суреттер арқылы салыстырып, ойыңды айт.
3. Суретте. Жазушы Есіл өңірінің әсем табиғатын таныту үшін қандай көріністер мен құбылыстарды суреттеген?
4. Қолдан. Ауылымызда Есіл өзені секілді өзен бар ма? Ол жайында не білесің? Жазушыға еліктеп бейнелі тілмен суреттеп көр.
5. Пікір айт. Жазушыны туған жерінің сөзбен айтып жеткісіз көз тартатын табиғатын шебер де шешен тілмен тамаша бейнелеп жеткізуге итермелеген не нәрсе деп ойлайсың?
6. Не елестейді? Болашақ Ойыл өзенін көз алдыңа қандай түрде елестетер едің?
Ойтолғау. «Ойыл бойында: кеше және бүгін». Оқушылар ен далада еркін ағып жатқан бүгінгі Ойыл өзені және болашақтағы Ойыл өзені жайында ой толғайды.
Y Қорытынды «Ойлан, тап!»
Активті қаламмен төмендегі сөздерді орнына қояды.

Табиғат көрінісі
Шығармадан үзінді
Қимылсыз жата қойсаң, шалғынның түбінде ақ меруерттей жалтылдаған, көлемі бөдененің жұмыртқасындай бір домалақ заттарды көресің. Бұл не? Жұмыртқа дейін десең, тым жиі, шалғынның түбіне сыңсып сыймайды!..
Шілдеде Есіл өлкесінің... баяу еседі. Жылдың өзге мезгілдерінде жортуылын жиілететін... піскен өсімдіктің жемісін төгермін деп аяғандай жұлқылап - желпіп мазаламайды.
Дәудей дөңкиген кәрі үйеңкісі, күміс қабықты қайыңы, қалайы қабықты терегі, мыс қабықты мойылы, теңселген талы, ши борбай шілігі, шымшымпаз шілігі, кірпі түкті тікені мен доланасы, торы тобылғысы аралас өскен...
Моп - момақан боп, тұнып тұрған сияқтанып, оның суы тізеңнен аспай - ақ сені қабықтай қалқытып ала жөнеледі, малтымпаз болмасаң, суға кеттім деп үрейленесің...

Желпінген... түсі көз тоқтатпай, біресе көк, біресе жасыл, біресе ақ сықылданып, бояуы қас пен қабақтың арасында әлденеше
құлпырып, сағымның суына шомылып, денесіне шаң жолатпай түрленген сайын... жарқырай түседі.
... құлағыңды қытықтайтын тамаша хорын қайтерсің... Ол хорға сұңқылдап аққу, қаңқылдап қаз, шаңқылдап шағала, безектеп қызғыш, барылдап үйрек, сайрап бұлбұл, шықылықтап сауысқан, қарқылдап қарға, шырылдап шегіртке дегендей,... бәрі қосылады...
Гүлге бөленген тереңіне сүңгігің келеді, жұпар иісті жасыл жібегін жастанып, та, жамылып та жаныңды жайландыра жатқың келеді. Жайқалған жасыл... жапырып жүре беруге аяғандай, не жаныңды жайландырғың келгендей, бір тұста жасыл жібекке бөлене сұлай кетесің.
Керекті сөздер:
шалғын, сағым, жел, құстар, тоғай, өзен, жидек.
YІ Бағалау
YІІ Үйге тапсырма. Жазушының көркем сөз өрнектерін үлгіге ала отырып, Ойыл өзеніне сипаттама жазу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама