- 17 ақп. 2020 00:00
- 274
Сабақьы қалай береді
Қожанасыр бір нәрсесін медресенің мұғаліміне тастап кетеді. Бірнеше күннен кейін әлгі нәрсесін алуға келеді. Мұғалім:
— Бір сағат тоса тұр. Мен мына сабақты біткен соң әкеліп берейін, — дейді.
Қожанасыр мұғалімнің сабақ кезінде сақалы селкілдеп кеткенін көрген еді.
Ол:
— Сен менің нәрсеме барып келе ғой, ал мен сенің орныңа сақалымды селкілдете тұрайын, — депті мұғалімге.