- 17 ақп. 2020 00:00
- 214
Ұрпақ туралы қамқорлық
Бұхарадағы әншісымақ біреудің дауысын Әпенді мүлде ұнатпайды екен. Сол әнші ән сала бастаса, Әпенді ақырын ғана кетіп қалады екен.
Бір күні әнші мен Әпенді бетпе-бет кездесіп қалады, олар амалсыздан амандық-саулық сұраса бастайды.
— Мына жас бала кім болады? — дейді Әпенді әншінің қасындағы баланы нұсқап.
— Бұл менің балам, — дейді әнші. — Ән салуды өте жақсы көреді. Менен үйренуге тырысады. Құдай бұйыртса, өскен соң мен сияқты атақты әнші болар.
Әпенді мұңая күлімсіреп:
— Біз сіздің әніңізге үйрендік қой. Ал біздің ұрпақ не үшін жапа шегуі керек? — деген сияқты.