Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 22 сағат бұрын)
Сәбит Дөнентаев "Уақ - Түйек" өлеңдер жинағы
Сабақтың тақырыбы: Сәбит Дөнентаев. «Уақ - Түйек» өлеңдер жинағы.

Сабақтың мақсаты: а) Сәбит Дөнентаев туралы мәлімет беру, өлеңнің мазмұны, тақырыбы, идеясын ұғындыру;
ә) өлеңмен жазылған шығармаларды мәнерлеп оқу, талдау, ой - пікірлерін айта білуге, жұмыстарына баға беруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сәбит Дөнентаев портреті, шығармалары, сызба - нұсқалар, кодоскоп, тест сұрақтары, бағалау парағы.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі.
Пәнаралық байланыс. тарих, география.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1 - топ. Спандияр Көбеевтің өмірі мен шығармашылығы.
2 - топ. «Қалың мал» романы.
3 - топ. Спандияр Көбеевтің қазақ әдебиетіндегі орны.

ІІІ. Жаңа сабақ.
І. «Қызығушылықты ояту» кезеңі.
1. «Ой қозғау» стратегиясы.
Үш топқа үш сұрақ қойылады.
1 - топқа: Сәбит Дөнентаевтың өмірбаянын айт.
2 - топқа: «Айқап» журналы және «Қазақ» газеті туралы не білесіңдер?
3 - топқа: Астарлап айту деген не? Мысал келтір.
2. «Топтастыру» стратегиясы.
Ақын өміріне, ақындық қасиетке байланысты сөздерді теріп алып топтастыру. Ақынның ақындық, тұлғалық бейнесін жасау.

Сәбит - қазақ ақыны, мазмұнды қысқа өлеңнің шебері, сыншыл ақын, қазақ өлеңін жалғастырушы, мысалшы, сатирик.

ІІ. Мағынаны тану.
Сәбит Дөнентаевтың «Уақ - түйек» өлеңдер жинағы туралы оқулықтың 67 - 75 - беттер аралығындағы мағлұматтар қамтыла түсіндірілді.
Сәбит Дөнентаев өлеңдерінің мазмұнын қалай түсінді, сол бойынша жұмыс жүргізіледі.

1. «Түсіну» стратегиясы.
Әр топтың оқушылары Сәбит өлеңдерін оқып., мазмұнын бір - біріне түсіндіреді.
1 - топ – «Заман кімдікі»? 2 - топ – «Замандастар» 3 - топ – «Қазақтарға қарап».
2. «Талдау» стратегиясы (Өлеңдерін талдау, теориялық ұғымдар бойынша, өлеңді құрылысына қарай талдау).
3. «Еркін жауап» стратегиясы. тест сұрақтарына жауап беру.(Кодоскоппен көрсетіледі)
4. «Суреттеу». Өлеңдеріндегі кейіпкер бейнесін суреттейді, не туралы екенін суреттеп айтады.

ІІІ. «Ойтолғау» кезеңі.
«Еркін жазу» стратегиясы
Өлеңнен үзінді - Өлең туралы пікірім
- -
- -
(Кестені толтыру)

IV. Қорытынды.
V. Үйге тапсырма. Сәбит Дөнентаевтың өлеңдерін жаттау, мазмұнын айту.
«Бағалау парағы» арқылы оқушылардың баға қорытындысы шығарылады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама