Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 20 сағат бұрын)
Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту (ойын сабақ)
Математика Класс: 5
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту (ойын сабақ)
Сабақтың мақсаты:
1. Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту бойынша оқушылардың білімдерін бекіту және тиянақтау, жүйелеу
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру
3. Өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылық, іскерлік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың көрнекілігі: Интерактив тақтада жазылған: ойын аланындағы сайыстардың аттары,
әр сайыстың тапсырмалары

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру
3. Ойынның шартымен таныстыру
4. Ойынның барысы
5. Ойынды қорытындылау
6. Оқушылардың білімін бағалау
7. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа қатысуын түгендеу, кластың тазалығын, оқу құралдарының даярлығын тексеру.

2. Сабақтың мақсатымен таныстыру:
Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі сабағымыз «қайталау сабағы», қазір “Білім биржасы” зияткерлік ойынын ойнау барысында «Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту» тақырыптары бойынша есептерді шығарамыз.

3. Ойынның шартымен таныстыру:
Класс 3 топқа бөлінеді
• 1 қатар – “Нұр” тобы
• 2 қатар - “Болашақ” тобы
• 3 қатар - “Бақыт” тобы
• Әр топтың бастапқы капиталы 500 теңге

Ойын шарты

• «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім» деген екен шығыс ғұламасы Әбу - Райхан әл Бируни. Ендеше білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
• Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгін аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі.
• Әзірше әр топтың қорында 500 теңгеден бар. Бұл бастапқы – капитал. Өз капиталыңызды көбейту өз қолыңызда.
• Аукционда жан - жақты сұрақтар қарастырылған. Сұрақтардың бастапқы бағасы – 200 теңге. Топ бағаны 200 теңгеден жоғарылата алады. Баға көрсеткіштері: 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге. Ең жоғарғы баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа берілдеді, ал қате жауап айтылса, онда топ капитаны сол ақшаны қайтарады.
• ЕСКЕРТУ: Егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда ол топ банкрот, өкінішке қарай ол топ аукционға қатыса алмайды.

Ойын 4 кезеңнен тұрады:
• “Біліміңді сынап көр” сұраққа дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды
• “Білімді мыңды жығады” оқулықпен жұмыс
• “Қателеспей, мақсатқа жет” стандартты емес есеп
• “Ойымды жалғастыр” тәжірибе алмасу, жұптық жұм

І кезең. “Біліміңді сынап көр” – акциялар сату, әр сұрақтың құны – 200 теңге
• Ондық бөлшекті қалай салыстырамыз?
• Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?
• Ондық бөлшекті қалай қосамыз?
• Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?
• Ондық бөлшекті қалай азайтамыз?
• Ондық бөлшекті разряд бірліктеріне көбейтуді түсіндір.

№1092. Көбейтінділерді есептемей салыстыр
1) 6, 5 • 3 және 0, 65 • 3
6, 5 және 0, 65
6, 5 › 0, 65
6, 5 • 3 › 0, 65 • 3

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама