Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 51 минут бұрын)
Саят Медеуов: Ата-анамыздың өлімі – саясаттың құрбаны болды деп ойлаймын

Әнші Саят Медеуов QazaqAiran арнасына берген сұхбатында ата-анасының өмірден озуына қатысты алғаш рет ашық пікір білдірді. Ол пандемия кезіндегі жағдайды еске алып, ата-анасының жаназасына көп адамның қатыса алмағанына алаңдаушылық білдірді. Әншінің айтуынша, бұл оқиғалардың артында саясат тұр.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Айтайын десем, қорқам. Ертең сөзім бұрмаланып кетпей ме деп алаңдаймын. Бір емес, үш рет «әкем мен шешемнің дүниеден озғанына шүкір» дедім. Дұрыс па, бұрыс па деп ойландым», – дейді Саят Медеуов.

Пандемияның ауыр кезеңі

Әнші 2021 жылы өзі де коронавирус жұқтырып, ауыр халде болғанын айтты. Ауруханада жатқан сәтінде ата-анасының өзінің қиналғанын көрмегеніне шүкіршілік еткенін жеткізді. «Әкем мен шешем менің осылай қиналып жатқанымды көрмеді ғой деп ойладым. Менің өлгенімді көрмейтін болды дедім», – дейді ол.

«Саясаттың құрбандары»

2022 жылы жол апатына түскен кезде де дәл осындай ойдың басынан өткенін жасырмады. Әншінің пікірінше, COVID-19 – әлемдік саясатпен байланысты құбылыс. Сол себепті, пандемия кезінде қайтыс болған жандарды «саясаттың құрбандары» деп санайды. «Сол кезде дүниеден озғандардың бәрі – сол саясаттың құрбандары. Әкем мен шешем жұмақтық шығар», – деп түйіндеді Саят Медеуов.

Жаңалықтар

Жарнама