Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 18 минут бұрын)
«Сәл ұялсаңдаршы»: Ләйлә Сұлтанқызы қарызды қайтармай жүргендерге ашуланды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде қарызға ақша алып, оны қайтармай жүргендерге қатысты алаңдаушылығын білдірді. Ол мұндай әрекеттің мәдениетсіздік екенін айтып, ақшасын сұрауға ыңғайсызданатынын жеткізді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Осы деймін да, неге қарызға ақша алғандар завтраками кормят? 1 ай кешіктірсе түсінем, бірақ 1 жыл, 2 жыл, 5 жылдап бермей жүргендер оқып отырсаңдар, сәл ұялсаңдаршы… Уже өз ақшаңды сұрауға ыңғайсызданады екенсің. Әлде аттарын атап тұрып, жазайын ба? Көбін танисыздар», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары жүргізушінің пікірін құптап, қарызды уақытында қайтару мәселесінің қоғамда жиі кездесетінін айтып, өздерінің де осындай жағдайларға тап болғанын жеткізді.

Жаңалықтар

Жарнама