Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Салық Зиманов – дара тұлға

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Нұратай Айгуль

Заң ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері және қазақ тарихы ғылыма үлес қосқан Салық Зиманұлы Зимановтың туғанына биыл 100 жыл.

Заң саласында ғана емес төл тарихтың іргетасын көтере білген Салық Зиманов қазіргі Атырау (Гурьев) қаласында 1921 жылы дүниеге келген. Жас болса да Отан үшін деген ұранмен Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан шебіне аттанады. Соғыс жылдары миномет полкінде қызмет еткен, соғыстан полковник шенін алып шығады. 1948 жылға қарай ол Бүкілодақтық Заң институтын тәмәмдай отырып, облыстық тергеуші және аға тергеуші қызметтерінде болады. Ғылым жолындағы белсендігін Қазақстан Ғылым Академиясында аспирант ретінде жалғастырады. Қазақ заң ғылымының «атасы» болып есептелетін Салық Зиманұлы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің деканы қызметінде болады. 1958 жылы «Общественный строй казахов первой половины ХІХ века» атты алғашқы еңбегін жазып шығарады.

Салық Зимановтың негізгі ғылыми бағыты заң ғылымының теориясын, мемлекеттің пайда болуы, дамуы қамтыған. Еңбек жолында тынбай қызметте болған Салық Зиманұлы Қазақстан Республикасының Конституциясын жазуда өте үлкен үлесі бар. Қазақ заңгерлер мектебінің негізін салушы әрі жетекшісі болды. Оның ғылыми қызметінің ерекше еңбегі - «Қазақтың ата заңдары» атты кітаптар жинағы еді. Жан-жақты дарындылықты көрсете білген академик, профессордың қаламынан шыққан кітаптарды тек қана заңгерлер ғана емес, мәдениеттанушылар, тарихшылар, философтар өз жұмыстарында әлі күнге дейін қолданады.

Салық Зиманұлы Зимановтың биылғы мерейтойы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің айтулы датасымен тұспа тұс келіп отыр. Өз кезегінде мемлекетіміздің құқықтық-нормативтік базасының қалыптасуына ықпал еткендігін атамауға болмайды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама