- 05 нау. 2024 00:56
- 148
Сан есім
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: «Сан есім» тақырыбын тірек-сызба бойынша меңгерту барысында жаттығулар орындату.
Дамытушылығы: Ақыл - ойын, логикалық ойлау жүйесін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, достыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, ажырату, топтау, жазбаша дәлелдеу.
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, тірек - сызба, суреттер сызбалар, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Психологиялық дайындық. Балаларды тақта алдына дөңгелене тұрғызып, сары түсті лентаны қолдарына ұстатып күн бейнесін жасату. Бір - бірлеріне қарап тұрып, жылы - жылы тілектерін айтқызу. Айтып болған соң, лентаның қолымен ұстап тұрған бөлігін қайшымен кесіп беру. Бұл күн нұрының кішкене бөлігі арқылы әр бала өз жүрегіне жылу сыйлады деп есептелінеді. Балалар хормен:
Қатар - қатар түзеліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп,
Түп - түзу боп тұрайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтану сәніміз.
Отыруға нақпа-нақ,
Дайындалдық бәріміз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Мақалдар жазып келіп, ішінен сын есімді тауып сызу.
1. Жақсы сөзге жан семіреді,
Жаман сөзден жан қорқады.
2. Өнерлі бала сүйкімді.
3. Сабағы жаман жемістің, дәні де жаман.
4. Ақылды қария, ағып жатқан дария.
ІІІ. Өткенді білмегеннің - ертеңі болмайды. (Өткен тақырыпты пысықтау)
«Тірек - сызба» бойынша жұмыс.
«Ой қозғау» Сөздер мағынасына қарай неше сөз таптарына бөлінеді? (Қандай?)
Сөз таптары
Зат есім, Етістік, Сын есім, Сан есім
- Біз осылардың ішінде қайсысын өттік? (Зат есім, Етістік, Сын есім)
1. Зат есім дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді?
2. Етістік дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді?
3. Сын есім дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту. Мұғалім суретші сызбаны көрсетіп: (әртүрлі сандардан салынған адамның бейнесін көрсетеді).
- Өмір бойы жан - жануар бейнесін,
Салып келген суретшіге не дерсің?
Жауабын кім тез береді, білсе егер,
Қай сандардан сурет салды бұл шебер?
Мұғалім оқушылардың айтқан сандарын тақтаға жазып тұрады:
- үш, алты, тоғыз, сегіз
Сұрақтар: - Осы сандарды қатыстырып тағы қандай сандар құрауға болады?
- алпыс үш, жиырма сегіз, отыз бес
- Суреттегі адамның көздері нешеу?- екеу
- Балалар, тақтадағы жазылған сандарға сұрақ қойыңдар. (қанша? неше? нешінші?)
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Сан есім
Сан есім - Заттың санын, ретін білдіреді
Сұрақтары: Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.