Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сан есім
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық селосы,
Қ. Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бляшева Жаннат Кажиахметовна

Қазақ тілі 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: оқушылардың сан есім туралы білік, білімдерін пысықтай отырып, түсініктерін молайту. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, білім сапасын арттыруға жағдай жасау.
Дамытушылығы: танымдылық тапсырмалар арқылы ақыл - ой қызметтерінің белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, өз ойын қорыта айта білуге тәрбиелеу.
Түрі: саяхат сабақ.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау, шығармашылық тапсырма, топпен
жұмыс, ізденіс
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, сызбалар, суреттер, ребус,
Сөзжұмбақтар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Топқа бөлу
1. Дауысты дыбыстар (оқушылар мойындарына қызыл галстук тағады, қызыл жапқыш жабылған үстелге барып отырады)
2. Дауыссыз дыбыстар (оқушылар мойындарына көк галстук тағады, көк жапқыш жабылған үселге барып отырады)

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Сандар сөйлейді. Ребус шешу
«Сан есім» ребусын шешу арқылы өтілетін жаңа тақырыпты анықтау.

- Енді балалар назарларынды экранға аударып, «Сандар не үшін керек?» атты бейнероликті тамашалайық.
2. Мағынаны тану.(Топтастыру)
Заттың санын, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады. Сан есімге неше? қанша? нешінші? деген сұрақтары қойылады.
Сан есім

Дара, Күрделі
Есептікғ Реттік

ІV. Қызығушылығын ояту. «Пәндер әлеміне» саяхат
- Балалар, бүгін біз пәндер әлеміне саяхатқа шығамыз. Жолда бірнеше аялдамаларға тоқталамыз. Саяхатқа дайынсыңдар ма? Ендеше, сәт сапар!
1. Сандар патшасы математика әлемі. «Ой бөліс»
Оқулықпен жұмыс. Уақыт өлшемі.
А) Сандарды сөзбен жазып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
1 - топ тапсырмасы.
Бір жылда 12 ай бар. Бір айда 30 күн, 4 апта болады.
2 - топ тапсырмасы. Әр аптада 7 тәулік бар. Әр тәулікте 24 сағат, 1 сағатта 60 минут бар.
Ә) Сан есімдер қай сөзбен байланысып тұрғанын тап.

2. Әдебиеттік оқу әлемі «Ойлан, тап!» ойыны
1 – топ тапсырмасы.
а. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып жаз. Мақалдың мағынасын ашу.
1. Білекті... жығады, білімді... жығады.
2.... кісі... жақ, қыңыр кісі... жақ.
3.... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
4. Ер... өледі, қорқақ... өледі.
2 - топ тапсырмасы.
ә. Жұмбақты оқып, шешуін тап. Сан есімді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет. Олардың қай сөз табы екенін айт.
1. Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар.(түйе)
2. Ағайынды бес құрдас, бірдей болып еш тұрмас.(саусақтар)

3. Дүниетану пәні «Кім жылдам?» ойыны
Дәптермен жұмыс
1 – топ тапсырмасы
А) Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жаз.
К+2+лік, 1+қазан, 40+жапырақ, 40+буын, жел+90, к+3ік.
2 - топ тапсырмасы.
Ә) Кекілік, бірқазан сөздеріне сатылай кешенді дыбыстық талдау жаса.

4. Өзін – өзі тану пәні. Көңілді шумақтарды оқы.
1 – топ
6 – Алты
Бала ел с6н баққан
Тепті ұзақ күн 6бақан.
Бөсті бізге 6ш тым:
«Тұрмаушы едім қ6рап,
Б6қта көп м6дым:
Жауырыным ж6рап,
Көрінбейтін б6рым».
2 - топ
5 - Бес
«Те5ің,- деп,- қойлардың»,-
5 - ті айғырдың қораның
Тө5іне лақтырдым -
5аспап батырмын.
Сен5ең, сұрағын:
5іктегі бөпемнен,
5 жастағы көкемнен.
Е. Өтетілеуұлы
5. Дене шынықтыру пәні. «Арқан тартыс» ойыны
1. Әр топ кезектесіп құрамында сан есімі бар жаңылтпаштар айтады. Қай топ көп ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді.
2. Ауызша. Есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып айту.
Төбесі төбел төрт бөрік,
Төртеуі де көк бөрік.

Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық,
Бес күзетші, бес пысық.

Қырық құрықтық
Сырық қырықтық.

Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім
Неше кіші ішік піштім?
6. Орыс тілі және ағылшын пәндері. «Сөз - Орда»
Берілген қима - суреттерді құрастырып, шыққан көріністі суреттеп айту. Сөйлем ішінде сан есімдер болсын. Сол сан есімдерді үш тілде айту.

7. Ақпараттық сәт.
Хан ордалы Сарайшық.
Біздің ауыл Сарайшық ауылы деп аталады. Сарайшық — Қазақ хандығының ең алғашқы астанасы. Ол Атырау қаласынан 50 километрдей жерде, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Сарайшықта биіктігі 17 метр, 8 қабырғалы болатын ескерткіш бар. Ол 1999 жылы салынды. Сарайшық - қазақ даласындағы ең көне тарихи орын. Бұл жерде кезінде үш жүзге толықтай мойындалған 12 әулие жерленген. Кезінде Сарайшықта жүзден аса хан билік құрған. Сарайшық жерінде жеті ханның сүйегі жерленген. Сол жеті ханға құлпытас қойылған.

Тапсырма. Мәтіннен дара және күрделі сан есімдерді теріп жазыңдар.
8. Сабақты қорытындылау. Кесте толтыру.
Не білдің?
Не үйрендің?

9. Бағалау
Топ басшылары өз топтарындағы оқушыларды сабаққа қатысына қарай бағалайды.
10. Үйге тапсырма.
«Біздің сынып», «Менің жанұям» тақырыптарына жарнамалық мәтін құрау. Мәтінде сан есімдерді көп қолдану.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама