Санау. Дастарханды әшекейлейміз
Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы. Ортаңғы топ
Білім саласы: Таным. Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:
Қарапайым математика. Жапсыру
Тақырыбы: Санау. Дастарханды әшекейлейміз.
Мақсаты: Сандарды ретімен санай білуді бекіту.
Қанша?, Сонша? сұрақтарына жауап бере отырып, танымын дамыту.
Дастарханды қызғалдақ гүлі және құс қанаты өрнектерімен шеңбер ішіне орналастыра жапсыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдістер: Санау, сұрақ - жауап, ойын, сергіту, сайыс, Альгоритм,
СТО әдістері және жапсыру.
Көрнекіліктер: Сандар, интерактивті тақта, дастархан үлгі суреті, ою - өрнек суреттері, жапсыру құралдары т. б
Қос тілділік: Қанша - сколько, ата - дедушка, әже - бабушка, ана - мама, әке - папа, ұл - мальчик, қыз - девочка.
Мотивациялық қозғаушылық
І. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау».
Тәрбиеші балаларды шеңберге шақырады.
1. Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрамыз жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
2. Интерактивті тақтаға назар аудару.
Тақтадан отбасы суреттерін көрсете отырып, әңгімелеу. Сұрақ - жауап алу.
- Бұлар кімдер, балалар?
- Бұл адамдарды кімдер дейміз? Бұл отбасындағы Аян деген бала сендердің математика
сабағында немен айналысатындарыңды білгісі келеді. Ол сендерге құр қол келмепті.
Балалардың жауаптары тыңдалады....
3. Тосын сый: Аян сендерге мына шарларды ала келіпті.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
Кәне, атап шығайық. Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай? Ақ шар.
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді? Балалар жауабы.
Сары шар. Бұл түс қай жыл мезгілін білдіреді? Балалар жауабы.
Жасыл шар. Бұл түс шөптердің түсі сияқты. Балалар жауабы.
Қызыл шарды көрсету.
- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді? Балалар жауабы.
Олай болса, бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз сайыс түрінде өтеді.
Сондықтан балалар екі топқа бөлінейік. Балалар үстел үстіндегі геометриялық пішіндерді таңдап, қалаған тобына барып отырады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
ІІ. Мағынаны тану. «Альгоритм» әдісі.
Кәне, шарды кім жарады?
Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, сиқырлы пішін пайда болады. Бір бала шығып шарды жарады,
Атабек тәрбиешіге көмектесіп, тақтаға пішіндерді жапсырып тұрады.
Екі топтың балалары тақтадан тапсырмаларды орындауға кіріседі.
1 - тапсырма.
«Пойызға сандарды ретімен қой» дид. ойыны.
Мақсаты: 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санап, тақтаға орналастыру. Үш тілде санау.
2 - тапсырма. (екі топқа да ойын)
А) «Көршісін тап»дид. ойыны.
Мақсаты: Санның көршісін табу.
Б) «Қай сан жоғалды?» дид. ойыны.
Мақсаты: Жоғалған санды табу.
3 - тапсырма.
«Логикалық есептер шешу»
1.- Қоянда неше құлақ бар?
(қоянның суретін көрсету)
2. - Мынау ненің суреті?
- Қолда қанша саусақ бар?
3. Ағашта 5 құс отыр, оның 2 - уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
4. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?
4 - тапсырма.
«Қанша болса сонша екенін тап?» дид. ойыны.
Мақсаты: 5 дейін санауды бекіту.
Балалар біз Аянның тапсырмаларын орындадық. Тақтаға қарайық, қандай пішін
пайда болды? Енді біз Аянға өзінің отбасы туралы әңгімелеп беруін сұрайықшы.
Балалар біз Аянға көмектесеміз бе?
4. Ұлттық ою - өрнектерді атату. Дастарханды қызғалдақ гүлі және құс қанаты
өрнегімен әдемілеу керектігін айтып түсіндіреді. Үлгісін жасап көрсету. Балалар
тікбұрыштан шаршыны, шаршыдан үшбұрышты қиып алады. Дайын дөңгелек
пішінге қызғалдақ гүлі және құс қанаты өрнектерімен әшекейлеп жапсырады.
5. Сергіту сәті. «Көңілді күн». Бейне арқылы қимыл жасайды.
6. Сайысты қорытындылау. Нәтижесінде қай топ жеңіске жеткенін анықтау.
Рефлексивтік - жинақтаушы
ІІІ. Ой толғаныс. «БҮҮ» стратегиясы.
Тәрбиеші балалардың жұмыстарын бағалап, сайысты қорытындылайды.
Аян балаларға әкелген сыйлығын таратады. Балалармен қоштасады
Білемін
Үйрендім
Үйренгім келеді
Күтілетін нәтиже:
Тапсырмаларды ретімен орындап, беске дейін санай біледі.
5 дейін санауды, тікбұрыштан шаршыны, шаршыдан үшбұрышты қиып алуды түсінеді.
Балалар өз білімдерін ойын кезінде қолдана алады.
Атырау облысы, Исатай ауданы,
№9 "Құлыншақ" балабақшасы.
Жоғары санатты тәрбиеші:
Аюпова Адина Сапарқызы