Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Сара Назарбаеваның жағдайы: Ел естімеген дерек

Сара Назарбаеваның денсаулығы туралы жаңа мәліметтер пайда болды. Дінтанушы әрі қоғам қайраткері Бейбіт Сапаралы "Sadaq" медиа агенттігінің "Дүрбі" алаңында берген сұхбатында Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы

Сапаралының айтуынша, Сара Назарбаева аман, бүгінде 85 жаста. Соңғы жылдары оның көпшілік назарынан тыс қалуын дінтанушы әулет ішінде болған ауыр оқиғалармен байланыстырады. "Сара апамыз тірі. Жасы үлкен – 85 жаста. Соңғы ондаған жыл ол кісі елдің көзінен таса болды. Әулеттік жағдайлар болды. Ауыр жағдайлар болды. Айсұлтан немересі қайтыс болды. Оның алдындағы Рахат пен Дариғаның оқиғасын қараңыз. Оның бәрі әйел адамға ауыр ғой," - деді Сапаралы.

Рухани аурудың себептері

Сапаралының айтуынша, Сара Назарбаева рухани ауруға ұшыраған. "Көмекшілерінен естігенмін. Қатты ауырды. Елбасы өзі ұшып келіп, қасында үш күн отырған. Дәрігерлер "қайтады" деп айтқан. Мұнда адамдар ауруына қарау керек. Сара апамыздікі – рухани ауру. Балаларының тағдырын уайымдап, болмай қалған әулетінің қиын тағдырын ойлап, содан рухани кеселге ұшырады," - деді дінтанушы.

Жаңалықтар

Жарнама