Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
«Сарыарқа» газетіндегі Жүсіпбек Аймауытовтың қолтаңбасы

Қазақ баспасөзінде өрнегі бөлек ұлы тұлға, ұлт әдебиетін қалыптастыруда өлшеусіз еңбек еткен алаш зиялыларының бірі—Жүсіпбек Аймауытов болатын. Ол әдебиет сыншысы ретінде ХХ ғасырдың басында айқын танылған қаламгерлердің көрнекті өкілібола білді және сол  ғасырдың отызыншы жылдарында кеңестік дәуір әдебиеті өкілдерімен сөз өнерінің кеңістігіне қатар келген сондай сом тұлғалардың ортасынан ойып тұрып орын алды. 

Ал ендігі қозғайтын әңгімеміз қаламгердің мұралары, соның ішінде «Сарыарқа» газетіндегі Жүсіпбек Аймауытовтың қолтаңбасы жайлы болмақ. Ендеше сарыарқа газетіндегі мақалаларға көз жүгіртейік. Маған осы газетті зерттеу, іздену барысында ерекше көзіме түскен мақала, ол «Мемлекет құрылысы» болды. Бір ерекшелігі қаламгер бұл мақаласында саяси құбылыстар туралы көптеген мәліметтерді тілге тиек етеді. Мақаланың үзіндісіне керек берейін:« Патшаның пәрменінен халық құтылды. Қандай қолайлы тұрмыс жасаса да, ерік өзінде. Бірақ, ұлан-байтақ жерде шашылып жатқан жүз миллион халық қалай жиылып, қалай кеңеспек? Міне, соның үшін мынадай тәртіп болуы керек: һәр гүбірниа, һәр облостан халық екі-үш кісі өкіл сайлауы керек. Бұл өкілдері көпке сенімді, пікірі, ойы жұртпен үйлесетін һәм басқа жұрттың өкілдерімен тізелесіп, халыққа жайлы, ұнамды мемлекет негізін жасайтын кісілер болу керек. Сондай өкілдердің бас қосып кеңесетін жиылысын “учередительное собрание” дейді». Қазақтың өз алдына дербес жұрт болып мойындалар кезі туғандығына үміт артып, ел келешегіне қатысты өзекті ойларды баспасөз бетінде батыл көтере білген Жүсіпбекті бұл жолы саяси сарабдал сыншы тұрғысынан танимыз. «Ұлан-байтақ жерде шашылып жатқан жүз миллион халықтың» қамы үшін сайлау ісінің қажеттілігі жөнінде, құрылтай жиылысы, саяси партиялардың алар маңызы турасында қазақтың да білуі тиістігін «Мемлекет құрылысына» арқау етеді.

Мінекей, осындай ұлы тұлғалар ғылыми-танымдық, әдеби журналды жұрт игілігіне жарату арқылы қазақ руханиятының жаңа деңгейге көтерілуіне тікелей ықпал етті. Тоқ етеріне көшсек, Ж.Аймауытұлы руханиятымыз бен мәдениетіміздің ілгері қадам басуына түрткі боларлық тақырыптарды қозғаған бірден-бір қаламгер болып қала бермек. 

Байназарова Аружан


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама