- 11 там. 2022 00:00
- 318
Сауысқан мен қарға
Сауысқан бір ағаштан бір ағашқа секіріп шықылықтай берді. Қарға ағаштың басында үндемей отырды. Оған сауысқан келіп айтты: неге менімен кеңеспей томсарып отырсың? — деп. Болмаса менің айтқан сөзіме нанбайсың ба? Сонда қарға айтты: нанбаймын, не
үшін десең көп сөйлеген кісінің сөзінің жартысы өтірік болады.