Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сәулетті үйдің құпиясы
Тақырыбы: Сәулетті үйдің құпиясы
Мақсаты:
1. Көріп, есту арқылы қабылдауын дамыту.
2. тыңдау және бақылау, зейін тұрақтылығын дамыту.
3. математикалық қарапайым ұғымдарды қолдану.
4. ойлау және сөйлеуін, грамматикалық құрлысы мен байланыстырып сөйлеуін дамыту.
5. Қиялды, елестете білуге үйрету.
6. кішкентай маторикаларын дамыту.
7. қоршаған ортаны аялап білуге үйрету.
Керекті құралдар: Тышқан, тасбақа, қоян, аю, қасқыр, түлкі - атрибуттар. «Сәулетті үй», суретті картина. Гүл күлтешелері. Магнитофон, көңілді әуен үн таспасы. Фишкалар.

Сабақтың барысы: Балалар келген қонақтармен жылы сөздер айтып амандасады. Психологпен амандасады.
- балалар сіздер «Сәнді үй» ертегісін білесіздер ме? Еске түсіру. – аю келді де үйге сыймағасын үйдің төбесіне отырып еді, үй сынып қалды, үйдің ішіндегілер әзер дегенде қашып құтылды, жануарлар ойласып тағы жаңа сәнді үй салып алмақшы болды.
- Қане, ертегі мазмұнын шамалы өзгертейік. Біздер әр жануарлар өздеріне әркім бір - бірден сәнді үй салды деп алайық. Неше үй керек? Аю жануарларды санауды ұйғарды. Аю санауды білмеді, Олай санағысы келді, бұлай санағысы келді, барлық жануарларды шақырды санауға.
«Сәнді үй» жаттығу.
- балалар алдарыңа қарап, ертегіде неше жануар бар санайық. – Тышқан, тасбақа, қоян, қасқыр, аю, бақа. Барлығы 6
- ал енді үйлерінде санайық. – 6
балалар сәнді үйді сызықпен жануарларға келтіреді.
Жарайды, жақсы сәнді үйлер тұрғыздық, бірақ біздің кейіпкерлеріміз бір - бірімен келіспеді. Тышқанның үйі қандай? Ол ең кішкентайы, ендеше оның үйі де кішкентай, сызықпен келтіру.
Балалар өз бетінше жұмыс жасайды.

Жануарлар әрқайсысы өз үйлерінде тұра бастайды. Олар енді еріге бастайды. Олар енді барлығы жиналып бір - біріне жұмбақ айтып, әртүрлі ойындар әкелді.

1 ойын. «Қанша, неше?» Тышқан орманда келе жатып саңырауқұлақ, жаңғақ жинапты. Қанша жинады? Жаңғақ көппе, саңырауқұлақ көппе?.
Санауды жануарлар білмеді, енді олар не істейді? Балалар көмектесейік.
Психолог тақтаға бүр мен жаңғақтың суретін жапсырады. Балалар санайды. Қайсысы көп соны айтады.
- Жарайсыңдар, бүр көп жаңғаққа қарағанда. 1 - еуі. Артық, кем, салыстыру.
- Жарайды балалар сендер жануарларға көмектестіңдер енді тасбақа орманда келе жатып қандай ағаш көрді екен? Сендер жауабын дұрыс айтып білесіңдер, егер сандарды ретімен дұрыс қоссаңдар.
Балалар отырғышқа отырады.

2. Бақаның тапсырмасы. Ойын «Нүктені ретімен қос». Суретті жаттығу береді. (өз бетімен жұмыс)
Бақа орманда қандай ағаштар көрді? Соны сұрайды. Бұл - шырша ағашы.

3. Ойын «суретті ретімен орналастыр» ойынын қоян алып келді.
Мақсаты: Логикалық ойлауын дамыту.

4 ойын. Түлкі: «Бейне»
Балалар өздерінің сүйікті жануарларын бейнелейді. Психолог балаларға 2 - 3 минут уақыт береді образды бейнелеуге. Сонан соң әр бала кезекпен пантомимикамен жануарларды салады, қалған балалар не салды соны табады. Егер жауап дұрыс болса бала неге сол жануарды жақсы көреді соны сөзбен айтып береді.
- Ал, енді балалар бүгін біз «Сәнді үй» ертегісіндегі жануарлармен кездесіп оларға көмектесіп олармен бірге қызықты, көңілді ойындар ойнадық.
Енді өзіміз тынығып алайық.

Тынығу жаттығуы. «Демалыста»
Мақсаты: Қиялды дамытуға, көз алдына елестетіп білуге, тынығып, шаршағанды басу.
Балалар гүл күлтелеріне дөңгеленіп жатады. Ортада шам.
Жәй музыка қосып қою.
« Балалар көздеріңді жұмып менің дауысымды естіңіздер. Жәй және еркін демалыңыздар.
- Қане сіздер жаздың керемет бір жайма шуақ күнінде жасыл шөптің, жайқалып өскен гүлдердің арасында жатырмыз деп ойлаңыздар.
Дәл қастарыңызда әдемі - әдемі көбелектер ұшып жүр. Көбелектер қызыл, жасыл әр түрлі, гүлден гүлге ұшып қонып жүр. Көбелектің қанаттарының қозғалысына қараңдаршы, қанаттарын жәй асықпай бір қалыпты қозғалады.
- Ал енді бәрің де өздеріңді көбелекпін деп ойлаңыздар. Сіздерде де әдемі, үлкен қанат бар деп елестетіңіздер. Сезініңдер сендердің қанаттарың жәй, әдемі қалықтап ауада ұшып жүрсіңдер. Ал, енді сіздер жоғары ұшып жүрсіздер. Төменге қараңыздаршы, қаншама әдемі гүлдер бар.
Көздеріңізбен ең әдемі гүлге қараңыздар және жайлап, оған жақындаңыздар. Гүлдің ең әдемі иісін сезіндіңіздер ма?
Жайлап, қалықтап гүлдің ортасына отырыңыздар. Тағы бір рет гүлді иіскеп
Терең дем алыңыздар....
Көздеріңізді ашыңыздар. Көзді ашып ортадағы шамның жылуын алақанға алып бір - біріне беру. Алақанның жылуын қасыңдағы балаға жақсы тілекпен сыйлау.
Қане, кім қандай күйді сезіндіңіздер. Балалардың жауабы.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама