Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ынтымақты отбасы
«Ынтымақты отбасы» ұлттық спорттық отбасылық сайысы
Отбасы сайысын өткізу сценарийі
Қадірменді қонақтар, ата – аналар, ұстаздар! «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай, отбасы – қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Отбасы – ошақтың үш тағаны сияқты. Олар: әке, ана, бала. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай, мемлекетіміз мықты болуы мүмкін емес. Егер мұғалім маманданған ұстаз десек, ата - ана – өздерінің өмірлік іс - тәжірибесі арқылы тәрбиелік іс - әрекеттерін қалыптастырған ұстаз. Ал, ұстаз өз ісінің шебері, білгір адам болуы қажет. Ана мен әке өздерінің үлгі - өнегелері арқылы әдептілігімен, өнерпаздығымен балаларына үлгі - өнеге көрсете алады. Осындай мақсатта облыстық білім жетілдіру институтының ұйымдастыруымен өткелі тұрған «Ынтымақты отбасы» шаңырақ сыны отбасылық сайысына хош келдіңіздер! Алдымен сайыстың құрметті әділқазыларымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Ортаға сайысқа қатысушы ата - аналарды шақырамыз.

«Ақ босаға» тобы. Ұраны: Отан да от басынан басталады, құрметте үлкен - кіші, жас баланы.
ортаға «Ақ босаға» тобын шақырамыз.
«Бәйтерек» тобы. Ұраны: Бәйтеректей жайқалған шаңырақпыз.
Олай болса, ортаға «Бәйтерек» тобын шақырамыз.
«Мирас» тобы. Топтың ұраны: «Адамның бір қызығы бала деген...»
«Аманат» тобы. Топтың ұраны: Аманатты ақтаймыз, салт - дәстүрлі сақтаймыз.
«Бірлік» тобы. Ұраны: Бірлік бар жерде, тірлік бар.
«Ынтымақ» тобы. Ұраны: ырыс алды - ынтымақ.
Отбасылардың балаларын шақырамыз. Жеребе суырады.

I кезең: (Әр отбасы өзін - өзі таныстырады).
Ортаға №1 отбасы -
Ортаға №2 отбасы...........................

II - кезең. «Халық тәлімі – тәрбие бастауы»
Абзал ақынымыз Ахмет Байтұрсынов «Ырым етсең, адал ет, жамандықтан аман ет» - деп тегін айтпаған ғой. Күні бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған халқымыздың кейбір тәрбиесін, тыйым мен ырым сөздерін алып қарасақ, көтерген мәселесі бала жанына, зердесіне ізгілік, инабаттылық дәнін себу. Бала – біздің болашағымыз. Ұлтымызда: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» - деген дана мәтел бар. Олай болса, «Балапан қыран болу үшін оны самғатып, ұшыратын ата да қыран болуы керек» - деп, отбасы тәрбиесіне ерекше тоқталған.
(Ұлттық киімдегі екі қыз бала табақшамен сандық және конвертті алып шығады. Әр отбасынан балалар ортаға шақырылады. Сандық ішіндегі нөмірленген асықтарды алу арқылы тапсырмаларын анықтайды. Тапсырмадағы сұрақтарға, отбасы ақылдасып, бірігіп жауап береді)

Бала тәрбиесіне байланысты тапсырмалар мен сұрақтар
І топтың сұрағы:
1. Үйде ысқырма! Үйдегі жан басын санама! Сұрақ: Отбасыңызда өз ұлтыңызды құрметтейтін қандай игі дәстүрді жалғастырып келесіз?
2. «Тобық жұту» және «тобық тығу» салт – дәстүрлерінің мазмұнын түсіндіріңіз, айырмашылығы неде?
Тобық жұту (дәстүр, ырым). Халықта қоян тобығын жұту ырымы ежелден бар дәстүр. Оның шарты тобықты жұтушы жас адам тобықты жұтар алдында:
Батыр болсам жүрегімнен шық,
Палуан болсам білегімнен шық,
Шешен болсам таңдайымнан шық,
Бақытты болсам маңдайымнан шық,-
деп серттесіп барып жұтады. Халық ұғымында тобық қасиетіне қарай әлгі адамның айтқан жерінен шығады деген түсінік болған.
3. Ежелден қазақ халқы отбасына ерекше мән берген, неге?

ІІ топтың сұрағы:
1. Қайтыс болған адамға топырақ салғанда, күректі табаныңмен баспа! Күректі екінші адамға қолыңмен берме! Бейіт топырағын сәндеме, ескі зиратты жөндеме! – тыйым сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз.
Сұрақ: Балаңыздың бойынан ұлтыңызға тән қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
2. «Мүше алу» және салтының мағынасын түсіндіріңіз және атап беріңіз.
Мүше алу (салт, дәстүр). «Мүше алып қашып жеңгеден, Бозбала ерке қызға апар» (Ғ. Қайырбеков) Ойын - тойда, мерекеде жас жігіттер атпен келіп мүше сұрайды. Жеңгелері оған орамал, сақина, айна т. б. мүше береді. Басқа жігіттер оны қуып алып қалуға тырысады. Қашқан жігіт мүшені өзі ұнатқан қызға апарып береді.
3. Неке кодексінің 25 - бабы.

ІІІ топтың сұрағы:
1. Желі, көгенді аттама! Малды теппе, ақта төкпе! – тыйым сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз.
2. «Ат майы» және «Артынан топырақ шашу» салттарының мағынасын түсіндіріңіз, айырмашылығын атаңыз.
Ат майы (дәстүр). «Ат майы» қайтты. Тигені ала бие (І. Жансүгіров). Халық дәстүрі ел арасында отырған адамдарды ешқашан ескерусіз қалдырмаған. Оның мұң - мұқтажы мен әлеуметтік, тұрмыстық жағдайына құлақ асқан. Мысалы, тұрмысы нашар, жоқ - жітік, жетім - жесірлерге көмек көрсетіп, қол ұшын созып отырған. Соның бірі – ат майы. Мінер аты жоқ кедейлер бұрын байлар мен ауқатты кісілерге немесе көрші - көлем, туған - туысқандарына келіп «ат майын» сұрайды. Яғни бір жаққа барып келуге немесе бірер ай мініске ат сұрайды деген сөз. Мұның мағынасы алыс жолға мінген ат ариды, күйін жоғалтады. Ат сұраушы осыны меңзеп отыр. Мұндай жағдайда әр адам сұраушының көңілін қалдырмаған. Бұл да қазақтың қайырымдылық ғұрпының бір белгісі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама