Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар
Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар

Оқытудың үш өлшемді әдістемелігі
Кіріспе бөлім. Қорытынды бөлім. Сөйлесу бөлімі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларының таңдауда көпнұсқаулық қағидасы бекітілген. Педагогтардың өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен құруға да мүмкіндік береді. Мен осы әдістемелік бойынша жоспарлап сабақ өттім. Оқытудың үш өлшемді әдістемеліктің ерекшелігі – оның білімді меңгеруге ғана емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, жадының түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетіне арнайы жасалғандығында. Оқу және танымдық жағдайлар арқылы танытуға сондай - ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін - өзі өзектілендіру, өзін - өзі бекіту, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік орын ауызша, жазбаша жазуға бағытталады
Оқытудың үш өлшемді әдістемесі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен, қорытынды бөлімінен тұрады.

Кіріспе бөлімге 1 - 2 сағат қорытынды бөлімге 1 - 2 сағат қалған уақыт сөйлесу бөлімде беріледі.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды әдістеменің жалпы құрылымымен, оның мақсат - міндеттерімен таныстырады. Оқу материалын қысқаша сызба, кестелерге сүйене отырып түсіндіреді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпта 2 - 6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, оқушылардың өзара әрекет етуінен құрылған. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында, кейіннен алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. Үшінші, төртінші сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өзара таңдайды. Сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігін ойын формаларын кеңінен қолдану. Оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл бөлім оқуларының өзін - өзі бағалауына құрылған.

Әдістеменің қорытынды бөлімі – бақылау. Қорытынды бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі керек. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма, диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданылып беріледі.
Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейдегі («жеңілдетілген стандарт», «стандарты», «стандарттан жоғары») тапсырмалар ұсынылса, қорытынды бөлімде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар беріледі.

Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі бойынша жұмыс жүргізу барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, ізденушіліктері, өз сезімін ашық білдіруі дамыды. Балалардың белсендігі артып, өзара әрекетке кірісіп кетуі, өз ойын ашық айтуы байқалды. Үйге берілген шығармашылық тапсырмаларды сөзжұмбақ, ребус, деректер жинау, өлең құрастыру, қызыға орындайтындықтарын көрсетті. Пәнге деген қызығушылықтары артты. Оқу материалы есте жақсы сақталатын болды. Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға, өзін - өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

Қорыта айтқанда, талмай еңбектену барысында ғана көп нәрсеге қол жеткізуге болады деп ойлаймын. Бұл әдістемені басқа пәнге енгізу оқушылардың білім деңгейін дамытуға ықпалын тигізеді деп білемін.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама