Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сайын Мұратбеков «Жусан исі» әңгімесі
Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан исі» әңгімесі.
2 – сағаты. Соғыс жылдарындағы балалар өмірінің көрінісі.
Сабақтың мақсаты: А) Білімділігі: Оқушылардың таным, білім көкжиегін кеңейту, шығарма мазмұнын ұғындыру, білімдерін жинақтап бекіту;
Ә) Тәрбиелілігі: Оқушылардың мейірімділікке, адал достыққа, сыйластыққа тәрбиелеуі;
Б) Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетінше салыстыра білу, зерттеу, қорытынды, тұжырым жасаудағы машығын дамыту, ой – өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамытуға ықпал жасау;
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, билет, жусан, карандаш.
Сабақтың әдіс тәсілі: сұрақ – жауап, іздендіру, сайыстыру, ойын сабағы.
Сабақтың түрі: Сайыс, білімді жинақтау, қорыту сабағы.
Сабақтың барысы: «Жусан иісі» повесінен үзінді оқып, алған білімімізді жинақтау үшін
бүгінгі сабақта «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойын ұйымдастырылып отыр.
Ойын ҮІІ кезеңнен тұрады:
І Бәйге
Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Ғибрат», «Қасиет» тобы
І – топқа:
1. Әңгімедегі кейіпкерлерді ата (Аян, Есікбай, Бапай шал, Тұрған, Асылбек шал, әңгімеші бала)
2. Шығармада баяндалатын оқиға қай жылдары өткен? (1941 - 1945 жылдар)
3. Аян ертегісі қалай баяндалады? (Ертеде бір жетім бала болыпты)
4. Аян тайдырып алған тобығын кімге салдырды? (Асылбек шалға)
5. Аянды талай жерге дейін шығарып салған кім? (Есікбай)
ІІ – топқа:
1. Аян алғашқы сауатын кімнен ашты? (Иманжановтан)
2. Әжесі қайтқан соң Аян кімнің қолына көшті?(Әжесінің тумасы Бапай деген шалдың үйіне)
3. Аянның кешкі қорегі не еді? («Тісің бар ғой» деп бір уыс бидай төгеді)
4. Аян алғаш рет тобығын қалай тайдырды? (Өрістен бұзау айдап келе жатқанда үйретемін деп, өзінің қасқа бұзауына секіріп мінген. Семіз бұзау мөңкіп – мөңкіп жығып кетті)
5. Ауыл қай жерде орналасқан? (Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың етегінде).

ІІ Көкпар
Әр топтан бір оқушы шығып билет суырады. Берілген тақырып бойынша мақал – мәтел айтады. Топ мүшелерін толықтырады. Қанша мақал – мәтел айтса, сонша ұпай жинайды. «Туған жер, Отан» туралы, «Татулық, достық» туралы.

ІІІ Тіл – өнер
Әңгімеден бір сөйлем алынды, ішінен бір сөз қалдырып кетем, сол сөзді тауып орысша, ағылшынша аудармасын айтады. Толық жауап берсе 30 ұпай.

1. Әуелде біз – балалар оның..... айтатынын білгеніміз жоқ. (Ертегі, сказка, литэрари)
2. Менің көкем де, атам да жоқ, сондықтан төбелессем...... ұрысады ғой. (әже, бабушка, грандмазе).
3. Шіркін, ағама.... жазар едім (хат, письмо, лэттэ).
4. Ал, жүріңдер мен кешегіден де........ (ертегі айтамын. (қызық, интересный, интерестиң)
5. Ағамның......... сіңіп қапты (иісі, запах, ловели).
6. Аян есік жақтағы темір пештің түбіне төселген құрым киіздің үстінде кір – кір жұқа құрақ....... жамылып жатыр екен. (көрпе, одеяло).
7. Аян арық........... отқа тығып жіберіп, шала піскен күйемен масақты лып дегізіп суырып алатын (рука, қол, арм).
ІҮ Жанды сөз
Сайын Мұратбековтың шығармаларына байланыстырып екі топ бір – біріне үйден дайындап келген тест түрінде сұрақтар қояды.
І – топ
1. С. Мұратбеков «Қылау» әңгімесінен Сатай Рабиғадан қандай кітап алды?
А) Қазақ әдебиеті
Ә) Геометрия
Б) Алгебра
В) «Қан мен тер»
2. Сатай Рабиға кетуге ыңғайланғанда қандай сұрақ қояды?
А) Сен жақсы оқисың ба?
Ә) Сен өлімнен қорқасың ба?
Б) Қасқырды көргенде қорықтың ба?
В) Сен қай мектепте оқисың?
3. С. Мұратбековтың шығармаларын ата.
А) «Балықшы әні», «Туған жер».
Ә) «Қос шалқар», «Оянған өлке».
Б) «Ауыл оты», «Дос іздеп жүрмін».
В) «Әпке», «Дермене».
ІІ – топ
1.«Менің басым ауырып тұр» Қай кейіпкердің сөзі?
А) Садық
Ә) Иманжанов
Б) Есікбай
В) Аян

2. С. Мұратбеков Мәскеудегі М. Горький атындағы институтты қашан бітірді?
А) 1971ж. Б) 1976ж.
Ә) 1972 ж. В) 1978ж.
3. С. Мұратбековтің алғаш әңгімесі қай жылы жарияланды?
А) 1952ж. Б) 1954ж.
Ә) 1973 ж. В) 1964ж.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама