Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сегіз күнде тәртіп бұзған 38 түлек тестілеуден шығарылды

ҰБТ өткізудің 2-9 маусымдағы ақпараты жария етілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2-9 маусым аралығында өткізілген тестілеуге  84 079  бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде - 61 739, орыс тілінде -  22 340 бітіруші», делінген хабьарламада. 

Тестілеу сегізінші күні 1 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.

125 балл жинаған бітірушілер саны өзгерген жоқ. Олардың саны әлі күнге дейін 19 адамды құрайды:

-         Алматы қ.- 6

-         Оңтүстік Қазақстан облысы - 6

-         Шығыс Қазақстан облысы - 2

-         Павлодар обл. - 2

-         Астана қ. - 1

-         Батыс Қазақстан облысы - 1

-         Қарағанды обл. - 1

Тестілеудің сегіз күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 38 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:

- ұялы байланыс телефондарын пайдалану - 19 бітіруші;

- емтихан материалдарын бүлдіру - 1 бітіруші;

- сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру - 17 бітіруші;

-  тестілеуге бітірушінің орнына бөгде адамның кіруге әрекет етуі - 1 бітіруші.

Келесі кестеде ҰБТ-ның тестілеу күндері бойынша қысқаша нәтижелері келтірілген:

 

Лек күні

Өтініш саны

ҰБТ-ға қатысты

Конкурс пәндері бойынша 50 баллдан төмен алғандар

Бес пән бойынша 100-ден жоғары

Тестілеудің бір пәні бойынша қанағаттанарлықсыз баға алғандар

барлығы

қаз

орыс

барлығы

қаз

орыс

барлығы

қаз

орыс

барлығы

қаз

орыс

1

02.06

18599

13349

5250

17934

13026

4908

2274

1615

659

3834

2811

1023

480

2

03.06

19802

14189

5613

19224

13970

5254

3302

2343

959

3246

2275

971

709

3

04.06

22021

15533

6488

21185

15190

5995

3945

2776

1169

4273

3106

1167

857

4

05.06

14214

9811

4403

13662

9591

4071

2494

1727

767

2865

2059

806

568

5

06.06

6339

5279

1060

6153

5168

985

1121

907

214

1255

1037

218

322

6

07.06

3900

2926

974

3832

2887

945

652

487

165

822

679

143

129

7

08.06

1843

1713

130

1834

1703

131

459

410

49

206

195

11

119

8

09.06

281

227

54

255

204

51

12

8

4

59

49

10

1

Барлығы

86999

63027

23973

84079

61739

22340

14252

10267

3985

16565

12213

4352

3185

%

100

72,446

27,554

96,664

73,43

26,57

16,951

72,039

27,961

19,702

73,728

26,272

  

 

Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.

Апелляцияға өтінішті беру барысында бітіруші әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.

Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-і мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі. 
Еске сала кетсек, таяуда ОҚО-ның Сарыағаш ауданында түлек орнына ҰБТ-ны 20 жастағы алматылық жігіт тапсырмақ болып ұсталған еді. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама