Селен мен теллурдың табиғатта кездесуі және минералдары мен алынуы
№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Орындаған: Тұ-43 топ студенті Жамбыл Динара Қаржаубайқызы
Жетекшісі: Айтенова Нұргул Ыдырысқызы
Селен жер қыртысының 6•10-5%-ін, ал теллур 6•10-5%-ін құрайды. Селен мен теллур шашыраңқы элементтер болып табылады. Олар үшін өздерінің табылған жерлері сипатталмаған, олар басқа элементтердің кендерінде қоспа түрінде кездеседі.
Селен мен теллур өте сирек кездесетін миниралдар қатарын түзеді. (селеннің 39 миниралы және сонша теллурдікі белгілі). Негізгі миниралдары қорғасын селенидтері мен қорғасын теллуридтері (клаусталит РbSе, алатит РbТе), мыстың минералы (клокманит СuSе, риккардит Сu4 хТе2), висмуттың минералы (гуанахуалит Ві(SеS)3, теллуровисмут Ві2Те3), сынаптың минералдары (тиманнит НgSе, колорадит НgТе), күмістің минералдары (науманнит Аg2Sе, гессит Аg2Те) болып табылады. Теллурдың селеннен айырмашылығы, табиғатта теллурдың алтын теллуриді түрінде табылғандығымен сипатталады (мысалы, канаверит Аu2Те). Екі элементте өзі туылған күйінде өте сирек кездеседі.
Кендерде селен мен теллур өте аз мөлшерін құрайды (пайыздың мыңдық, екі мыңдық бөлігі, әдетте селеннің мөлшері теллур мен салыстырғанда көбірек) сульфидтері көбірек кездеседі. Селен мен теллур изоморфты қоспа түрінде әр түрлі сульфидттердің кристалдық торына кіреду. Селен мен теллурдың осы кендері айырылған жағдайды сәйкес концентраттарға ауысады, мұнда олардың құрамы мыңның ондық бөлігіндегі пайызын құрайды. Концентраттарды немесе мынадай өнімдері, элементтік күкірт, темір колчеданы, селен мен теллур құрамында бар сияқтыларды өңдеу жолында, екі элементте әр түрлі жартылай өнімге бөлінеді және өздеріне концентрленеді. Селен мен теллурдың бірнеше пайызынан бірнеше ондық пайызын құрайтын жартылай өнім, осы элементтерді өзара алу үшін қызмет етеді.
Селен мен теллурдың алынуы
Селен мен теллурды алу өнімнің комплексті өңдеу сатысы болып табылады. Мысалы, анодты шламнан алтын мен күміс шығарып алу қажет. Қорғасынды өндіріс тозаңдарынан Сd, Нg, Ті және басқа элементтерді шығарып алу қажет. Осының бәрі құрамында селен мен теллур бар өнімдерді өңдеумен анықталады, бұдан басқа да факторларға байланысты: осы өнімдердегі селен мен теллурдың табылған түрі, селен мен теллурдың сандық қатынасы, сонымен қатар өндірістің көлеміне де байланысты.
Құрамында селен мен теллур бар материалдарды өңдегенде мынадай өнімдер алынуы мүмкін және сілтілерде оңай еритін, әдетте SеО2 және ТеО2. Селен мен теллурды айыру мен элементтік түрінде бөлу үлкен қиындық туғызбайды. Бір жағдайда ғана селенді теллурдан айырады, SеО2-ні суда еріту арқылы және қалдықты қышқылмен өңдейді, сонда ерітіндіге ТеО2 көшеді. Екі ерітіндіде сәкесінше қышқылдандырады (НСl) және селен мен теллур элементтік күйіне дейін күкіртті газбен тотықсыздандырады.
Басқа жағдайларда, өнімді қышқылмен өңдейді (немесе сілтімен), ерітіндіге SеО2 және ТеО2 өтеді. Элементтерді бөлу SО2-мен тотықсыздандыру арқылы өтеді: күшті тұз қышқылды ортада селен бөлінеді (теллур күшті қышқылдық ортада тотықсызданбайды), ар ерітіндіні сәйкесінше сұйылтқаннан кейін – теллур бөлінеді. Бірақ көпшілік өнімдер, соның ішінде анодты шламдар, күкіртқышқылды және қағазды-целюлоза шламдарының өндірісі, қорғасынды тозаңдардың құрамында селен мен теллур қиын еритін түрде - селен мен теллур элементтік түрінде, ауыр металдардың селенидтері мен теллуридтері түрінде болады. Селен мен теллур осы өнімдерден бөлу дайындығы көп жағдайларда SеО2 мен ТеО2 алынуына немесе осы екі элементтің оттектіқышдарының еритін тұздары алынады.
Қазіргі уақытта осындай дайындың үш негізгі пирометаллургиялық жолмен өткізіледі: тотықтырғыштық күйдіру жолымен, сульфаттық күйдіру және піскен кальцонирленген содамен күйдіру. Осы әдістерді тек қана селен мен теллур алу үшін емес, өңделетін материалдардан басқа бағалы компоненттерді шығарып алу үшін қолданылады. Мысалы, осы әдістерді анодты шалмдарға қолдану арқылы асыл металдардың шламының құрамындағы мысты шығарып алу қажет (мыссыздандыру). Күйдіру нәтижесінде мыс тотығады және шалмдардан сілтіленуі мүмкін, ал асыл металдар ерімейтін қалдықта қалады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Ферсман А.Е. Редкие металлы. 1932, № 4-5.
2. Сажин Н.П., Меерсон Г.А. Редкие элементы в новой технике // Хим. наука и пром., 1956. Т.І, № 5.
3. Меерсон Г.А. и Зеликман А.Н. Металлургия редких металлов. Метиаллургиздат, 1954.
4. Зеликман А.Н., Самсонов Г.В., Крейн О.Е. Металлургия редких металлов. Металлургиздат, 1954.
5. Тронов В.Г. Кклад русских ученых в химию редких элементов. Изд. Знание, 1952.
6. Виноградов А.П. Геохимия редких и рассеянных химических элементов в почвах. Изд. АН СССР, 1950.