Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ағылшын апталығы “ENGLISH LANGUAGE – IS A WORLD LANGUAGE”

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!-деп Қадыр Мырза Әли ағамыз жырлағандай қазіргі таңда үш тілді білуді алға мақсат етіп қойып отырмыз.

Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы: “мектептерге ағылшын тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз міндет”-  деп  етекше атап көрсеткен. Міне, осыған орай мектебізде ағылшын тілін терең меңгерту барысында апталықтар өткізудеміз.

Мақсатымыз пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдылау, сөздік қорын молайту.Біздің «Ақжар»жалпы орта метебінде кең көлемде 12-16 ақпан аралығында аөтті. Оқушылар белсене қатысты.  Мектептің кіре беріс холы, акт залы, қабырғалары әр түрлі ағылшынша ұрандардан, бағыттардан, қабырға бұрыштарынан жасақталынды: «” Welcome , to our English Week!,” “ Let’s learn English!”, ” Let’ speak English once week”, “ English language –is a World Language”, “ Do you speak English?’’ and others».

Аптаның алғашқы күні апталықтың ашылу салтанаты болды.
Апталықтың ашылу рәсімі кезінде оқушылар апталықтың мақсатымен , шарттарымен танысты. Апталықтың ашылу салтанатында екі жүргізуші болып , біреуі аіылшын тілінде, екінші оқушы қазақ төз ана тілімізде алып барды. Ашылу салтанатында 5-6-7-8 сынып оқушылары белсенділік танытты. Оқушылар өздерінің ағылшын тілін қалай жақсы көретіндерін дәлелдеп өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар ағылшынша әндерін өз әуендерімен, таппақтарын, жұмбақ- жаңылтпаштарын, мақал –мәтелдерін айтып біздерді қуантты. Қыздарымыз буралып би билеп, флешмоб, шығыс билерін, арасында ұлттық билерімізді билеп көңлімізді көтерді

13.02.2018. 7 «Ә» сыныбында мектебіміздің ағылшын тілі мұғалімі, І санатты мұғалімі Байтүгелов Нұрсылтан  “School rules” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім өз ісінің шебері әр түрлі көрнекіліктерден, суреттерден, слайдтардан көрсетіп, видеороликтерден әуен, ән тыңдатып, сергіту сәтін өткізіп, оқушыларды мектеп ережелерімен ағылшынша таныстырып үйретті. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, диолог қурастырып барлық оқушы сабаққа тугел қатысты. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарыда өте жақсы.

14.02.2018. «5 -6-7 « сыныптар арасында ағылшын тілі мұғалімі, ізденімпаз, өз ісінің шебері Байбосын Айнұр «Ертегілер әлеміне саяхат»6 “ A fairy tale Snow White’ тақырыбында акт залында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты өте тамаша болды.Ақшақардың жәнеде қасындағы достарының киімдері, олардың шеберлігі ойнаган ролдері, ертегідегі кейпкерлердің дәл өздері болып ойнап ағылшынша жеткізіп біздерді таң қалдырды. Слайдтан әуенін келтіріп , оқушылар әр кім өз ролдерін ойнағанда Англияға саяхатқа барғандай болдық. Тәрбие сағаты өте жақсы, қызықты талапқа сай өтті.  15.02.2018 1 «А» сыныбында «The Birds» тақырыбында жас маман Қарсыбаева Анар мектепішілік ашық сабақ өткізді. Жас маман әр түрлі құстардың суреттерін, бейнелерін көрсетіп сабақты жүргізді. Оқушыларға әріптерді қайталатып, сандарды айттырды. Жаңа сөздерді құстардың аттарын дәптерлеріне жаздырды. Жаңа сөздерді оқушылар мен бірге қайталады. Апталық өте үлкен дәрежеде өтілді . Сонымен қатар оқушылар Англияның басты символына айналған Бикпен сағаты мен көрнекті  көпірлерінің  макеттерін жасады.Осындай апталықтар  өтіп, оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын арттыра берсін деген тілегімізді білдіргім келеді.

«Ақжар»жалпы орта мектебі

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айымбекова Гүлназия


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама