- 11 ақп. 2020 00:00
- 222
Сен саудайы әлі тірі жүрсің
Бір күні Қожаның алдына әйелі қасақана ып-ыстық сорпа әкеліп қояды. Сорпаның ыстық екендігін ұмытып кетіп, ең алдымен ол өзі ұрттап алса керек. Аузы күйіп қап, көзінен жас шыққанда, Қожа:
— Неге жылап отырсың? — деп сұрайды.
— Шешем марқұм осындай сорпаны жақсы көруші еді, сол есіме түсіп кетіп, жылап отырмын, — дейді әйелі. Енесін еске алып, сорпадан ұрттап жібергенде, аузы күйіп Қожаның да көзі жасаурап шыға келеді.
— Саған не жоқ? Сен неге жылап отырсың?
Сонда Қожа:
— Сорлы шешең қайтыс болғалы қашан, сен саудайы әлі тірі жүрсің, мен сол үшін жылап отырмын, — депті.