Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қожа жауын-жауынның арасында жүреді

Бір күні Қожа Темірдің сарайына келеді. Патша Қожаны жаман атқа мінгізіп алып, аңға ерте жүреді. Бұлар аңда жүрген де, қатты жауын жауып, Темір мен нөкерлері аттарын борбайлап, үй қайдасың деп тартып тұрады да, Қожа оларға ілесе алмай, жауынның астында жалғыз қала береді. Басқа істер амалы болмаған Қожа, тырдай жалаңаш шешініп, бар киімін астына басып алады. Жауын басылған соң киімін қайтадан киіп, үсті-басы құп-құрғақ болып үйге келеді. Мұны көрген патша, аң-таң болып Қожадан мәнісін сұрайды.

Сонда Қожа:

— Астында сәйгүлік аты бар адам, жауынның астында қала ма екен? Жауын себелей бастағанда-ақ, тақымымды бір қысып қалып едім, құстай ұшып, жауын-жауынның арасымен көзді ашып-жұмғанша үйге алып келді, — дейді.

Патша әмір етіп, Қожа мініп келген атты өзінің ат қорасына қойдырады.

Бірде тағы да аңға шығады. Бұл жолы патша әлгі атқа өзі мінеді. Тағы да нөсер жауып, аңшылар үйге бет алғанда, Қожа мен нөкерлер озып кетеді де, патша шабан атпен үйге жеткенше малмандай болады. Патша ертеңінде Қожаны шақырып алып:

— Өтірік айтқандай не күн туды басыңа? Саған сенем деп суға малшындым, — деп жазғырса керек.

Сонда Қожа:

— «Ханда қырық кісінің ақылы болады» деген қайда? Мен құсап киіміңді шешіп, астыңа басып алып, жауын басылған соң кисең, үсті-басың су болмай, құп-құрғақ келер едің, — депті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама