- 26 ақп. 2020 00:00
- 184
Серікбай мен екі түйеші
Серікбай жанында екі түйеші бар үшеуі ағаш артып, астық алуға Үрімжіге кетіп бара жатып, кеш болғанда бір егін шетіне түсіпті. Серікбай тұрып:
— Бұл жерде егін бар екен, көліктер егінге түсіп кетеді, түнемесек қайтеді? — депті. Екі серігі оған көніп:
— Таңертең ерте жүріп кетеміз, егінді күзеткен адам да жоқ көрінеді, — деп көліктерін қоя беріпті.
Қайырусыз кеткен аш өгіздер егінге түсіп кетіпті. Егін иесі өгіздерді қамап қораның аузын бір таз балаға қаратып қойыпты.
Таңертең ерте тұрып көлік іздеген бірі көліктерінің қамалып тұрғанын көріп, баланы адамсынбай тартып әкетпекші болыпты. Бірақ бала жармасып, әлгі кісінің қолын тістеп жібермей айғайлапты.
Егін иесі келсе текке жібермейтінін білетін әлгі кісі таз баланы қамшымен тартып жіберіп қораға секіріп түсіп, көліктерін шығармақшы болып жатқанда, бір топ адам келіп өзін тырыстырып байлап тастапты.
Серігі кешіккеннен кейін артынан іздей келген Серікбай оның байлаулы тұрғанын көріпті. Мән-жәйді ұққаннан кейін:
— Қожайын көлікті беріңіз,
...ңнің көз жасын көріңіз.
Ақша әкеліп бергенше,
Қара өгізді ұстап тұрыңыз.
... қате істепті,
Таз бала қолын тістепті.
Үш сәрі ақша берейік,
Осымен бітсін іс, — депті.
Егінші бұл сөзге мақұл болып, көліктерін беріпті.
— Неғып кешіктіңдер? — деген ағасына Серікбай:
— ... аптық, бір пәлені таптық,
Қара өгізді қожайынға қаматтық,
...ды байлап қойып сабаттық.
Таз баланың басын үш сарымен жаматтық, — деп жауап беріпті.