Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Серікбай қағытпалары

Бір бай жоғалған атын малшысынан көріп, көкала қойдай қып сабап, жалғыз көк шолағын тартып алыпты да, өзін қуып салыпты.

Малшы биге барып арыз айтып атымды алып беріңіз деп жатып алыпты. Төре дауларын сұрап көрмекші болады да, байды шақыртады. Бай тілінің мүкісі бар, сөзге шорқақ адам екен, төре алдына барғанда сөзден жаңылып қалармын деп бір еркек қой ақы беріп Серікбайды ертіп алады. Серікбай жол--жөнекей жылқының бір тал құмалағын алақанына қысып ала жүреді. Төренің алдында бай атын малшыдан көретінін айта келіп, «менің куәшім мына отырған адам еді, осы айтсын» деп Серікбайға қарайды.

Серікбай алақанын ашып биге қолындағы құмалақты көрсетіп:

— Мына байекең маған боқ же деп отыр. Бұның атын Бақай алған жоқ, алмағанына мен куәмін, жалғыз атын зарлатпай қайтарсын, — депті.

Би байды жығынды етіп әлгі кедейдің атын өзіне қайтартады. Серікбай қайтып келіп әлгі қойды кедейге береді. Сөзін сөйлемегендігі үшін бай адам жіберіп Серікбайға қойын сұратады. Сонда Серікбай келген адамға:

— Байға айтып бар, кедейге қара жауып оны сорлатып сабағандығы үшін қойды малшыға сорпаға бердім, — депті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама