Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Шамалар арасындағы тәуелділік: заттың шығыны, саны (заттар саны), жалпы шығыны.
Сабақтың атауы: Шамалар арасындағы тәуелділік: заттың шығыны, саны (заттар саны), жалпы шығыны.
Сілтеме: Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық
Жалпы мақсаттар
Мақсаты: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығара білу және шығарылған есептердің шешу жолдарын ұғындыру.
Логикалық есептер шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаң орындай білуге дағды қалыптастыру. Еңбек етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, «жаттығу тапсырмалары», оқулық.
Сабақтың түрі: ойын
Әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ - жауап, ой қозғау, ой ашар, өздік жұмыс, білім сайысы

Ынтымақтастық атмосферасы
Балалар бір - біріне тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау
Психологиялық дайындық. «Жаттығу сұрақтары»:
1. қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40 әріп, 2 белгі, 42 әріп)
2. Математикада неше цифр бар? (10)
3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады? (14)
4. «Миллион» санында неше нөл бар? (6)
5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан)

Қызығушылықты ояту «Ой ашар»
І. Ойын: «Сен білесің бе?»
1. Сәуле мен кесіндінің айырмашылығы неде? (сәуленің бір жағы тұйықталған)
2. 1км - де неше метр бар? 1000м
3. 1дм - де неше мм бар? 100мм
4. 1 м - де неше мм бар? 1000мм
5. 1тоннада неше кг бар? 1000кг
6. 1тоннада неше центнер бар? 10ц
км, дм, м, мм, т, ц – бұлар нелер? (шамалар)
Қандай өлшем бірліктері?
- км, дм, м, мм - бұлар ұзындық өлшем бірліктері
- т, ц, - бұлар салмақ өлшем бірліктері.
Шамалар арасындағы тәуелділік: заттың шығыны, саны (заттар саны), жалпы шығыны. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама