Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шымкенттік өнертапқыш монорельсті көлік жүйесін ойлап тапты

 

Шымшаһарда монорельсті көлік жүйесі енгізілуі мүмкін. Жергілікті өнертапқыш ұсынған жоба қолдау тапса, жылдам әрі қауіпсіз троллейбус жолаушыларды тасымалдайтын болады.

Шымкенттік өнертапқыш Махмұд Тұрсыновтың айтуынша, қаланың бір нүктесінен келесі орнына дейін 15 минутта жетуге болады. Тез, арзан әрі еш кедергісіз. Ол үшін жер бетінен бес метр биіктікте арнайы эстакада салып, монорельсті көліктік жүйесін енгізу қажет. Бұл, біріншіден, қауіпсіз, екіншіден, кептелісті жоюдың бірден- бір жолы.

Махмұд Тұрсынов, өнертапқыш: «Жол жер бетінен 5  метр биіктікке салынатындықтан, ешқандай кедергі болмайды. Автобустар мен автокөліктерге де еш кедергісін келтірмейді. Сондықтан , баратын жеріңізге тез арада баруға болады. Екінші, электрленгендіктен, жолда жүру ақысы да әдеттегіден арзан болады. Оның үстіне экологиялық таза.  Бұл — ең бастысы.»

Халқы миллионға жуықтаған шаһар үшін, монорельсті көлік жүйесі ауадай қажет дейді өнертапқыш. Оның жобасын жүзеге асыру үшін троллейбус қажет. Өз ойын көпшіліктің алдында ұялмай таныстыруға тыңғылықты дайындалған азамат жобасын жүзеге асыра қалса, кететін шығынды 5 жылдың ішінде-ақ өндіріп алуға болатынын айтады.

Махмұд Тұрсынов, өнертапқыш: «Монорельсті транспорттың аялдамалары қалада адам көп шоғырланған жерлерде орнатылады. Араларының қашықтығы екі шақырымға жуықтау болады. Авторлық жоба 2010 жылы патенттелген. Бұл жобаны қолға алып, қалада іске асырсақ, тиімділігі көп болар еді.»

25 жылдан бергі идеясын жүзега асыру үшін барын салып жүрген Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің мұғалімі монорельсті көлік жүйесін салуды бағалап қойыпты. Тіпті ойын жүзеге асыратын демеушілер де тапқан. Енді бар болғаны қала әкімінің келісімі керек. Жақын күндері жоба қолдау тауып жатса, Шымкентте тез әрі қауіпсіз, жер үсті троллейбустардың жүретін күні алыс емес екеніне сенімді.

http://www.otyrar.kz


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама